ойын сауық отауы
Еріңнің ебін тап, әйеліңнің көңілін тап!
04.11.2019 1 893 0 Дауыл

Еріңнің ебін тап, әйеліңнің көңілін тап!

Бұл қызықты
Бірде жағдайы өте жұпыны, жұмысы да қарапайым, табысы да мардымсыз бір жігітке қайын атасы келіп: "Сен менің қызымды үлде мен бүлдеге орап еркелете бергеніңді қой. Үйдегі тамақты, етті де əдейі азайтып тұр. Ішкені алдында, ішпегені артында болған адам нығметтің қадірін түсінбейді", - дейді қабағын шытып. Жігіт мына сөзге таң - тамаша болып, не деп жауап берерін білмей тұрып қалады. Себебі, барлығы қайын атасы айтқандай емес, керісінше жігіттің айлығы шайлығына да жетпей қалатын кездер болып жүрген. Таңданысын жасыра алмаған ол мән - жайды әйелінен сұрамаққа бекінеді. Сөйтсе, жұбайы төркініне барған сайын жағдайларының өте жақсы екенін, ас та төк ғұмыр кешіп жатқандарын айтып, ата - анасының алдына тосқан небір жылы - жұмсағын жеуден бас тартып, тыйылып отыратын көрінеді. Әйелі бұл амалға күйеуінің абыройы үшін əрі тағдырына риза болғандығы себепті ғана барғандығын айтады. Қайын атасының алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырғаны үшін күйеуінен кешірім сұрайды.

Иә, еркектің қара басын қадірлі етіп, төрге сүйрейтін де, я болмаса қор қылып көрге сүйрейтін де – әйел - ана. Кей кемшілікке кеңшілік танытып, таршылықта торықпаған, ертеңгі күнім не болады - ау деп жасып, аласұрып қорықпаған дәл осындай аналардың ісі барша аруға өнеге болуға тұрарлық!

Сосын, "қазір бұндай әйел жоқ, қазір мұндай еркек жоқ" деп шулай бермеңдер бет жыртысып таласып. Қазір де өздерің аңсаған ер мен әйел баршылық, адамнан "идеал" жасайтын тек өзіміз. Ешкім бізге керемет күйеу мен әйелді "мә" деп ұстата салмайды... Жақсы жарды қаласаң сол жақсылыққа қарай әрекет ет. Жамандығын жасыр, жақсылығын асыр. Еріңнің ебін тап, әйеліңнің көңілін тап. Сонда өзің іздеген бақытың босағаңда жүреді!

Ақылды қыз Ақылды қыз
Сендер көпсіңдер, мен жалғызбын. Мен екі жұмбақ айтамын. Сол жұмбақтың шешуін тапқан жігіт маған да, анау өріс толы малға да ие болады.
Күйеуінің айыбын жасырған әйел туралы хикая Күйеуінің айыбын жасырған әйел туралы хикая
Ертерек заманда Құдайға құлшылық қылған, тақуа бір жігіт өмір сүріпті. Жігіт ер жеткенде әкесі үйлену туралы сөз көтерсе, ол қашқалақтай береді екен.
Әкенің қызына өсиеті Әкенің қызына өсиеті
Осы күнді сабырсыздықпен күткен еді. Екі жыл болды танысқандарына. Бір бірін қатты сүйген еді. Той күні өмірлерінің ең бақытты күні болады деп
Ерлі - зайыптылардың ұзақ жыл тату - тәтті ғұмыр кешулерінің құпиясы Ерлі - зайыптылардың ұзақ жыл тату - тәтті ғұмыр
Сүйіктісімен 30 жыл отасқан ерлі - зайыптыларға бір жас жігіт келеді.
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келеді: — Қанша қалың мал беру керек болса — сонша беремін. Басымда жайлы баспанам, қымбат
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×