ойын сауық отауы
Мүбәрак күндер мен түндер: Қадір түні
15.02.2025 1 265 0 Admin

Мүбәрак күндер мен түндер: Қадір түні

Салт-дәстүр
Уақытыңды басқар
Мүбәрак күндер мен түндер: Қадір түні
Рамазан айының 27 - түні «Қадір түні» деп аталады. Адамдарға дүниеде және ақыретте бақытты болудың жолын көрсететін дініміздің қасиетті кітабы – Құран Кәрім Пайғамбарымызға рамазан айындағы Қадір түнінде түсе бастаған. Қадір түнінде әзірет Мұхаммедке (с. а. с.) пайғамбарлық міндет жүктеліп, Ислам таңы осы түні атқан. Міне, осындай маңызды оқиғалар Қадір түнін нұрға бөлеп, қасиетін арттырған. Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екендігі Құран Кәрімде ашық айтылған.
«Кімде - кім артықшылығына иланып, сыйын Алладан күтіп, Қадір түнін ғибадатпен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі».
(хадис)
Қадір түні – мүміндерге Алла Тағаланың берген шексіз мейірімділік белгісі мен үлкен ілтипаты. Бұл түнді Алла разылығы үшін намаз оқып, Құран оқып, дұға етіп, ғибадатпен өткізуіміз керек.
Әзірет Айша (р. а.) бір күні Пайғамбарымыздан:
«Уа, Алланың Елшісі! Қадір түнінде қайтіп дұға етейін?» – деп сұрады.
Сонда мынадай жауап естіді:
«Былай де: «Раббым, сен өте кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің, мені де кешіре гөр».
Пайғамбарымыз (с. а. с.) үйреткен бұл дұғаны біз де Қадір түнінде қайталайық.
Қасиетті түндерді намаз оқу, Құран оқу, Пайғамбарға салауат айту, күнәларымызға кешірім тілеу, дүние және ақыретке байланысты тілектерімізбен дұға қылып, қолымыздан келгенше қайырымдылық іс - шараларын атқарып, кедейлерді қуанту сияқты ізгі істермен өткізуіміз керек. 

Мүбәрак күндер мен түндер: Бәраат түні Мүбәрак күндер мен түндер: Бәраат түні
Алла Елшісі (с. а. с.) ережеп пен рамазанның ортасында елеусіз өткізіп алмауымызды ескертіп, өзі көбіне оразамен өткізген шағбан айының 15 - түні
Уақытыңды басқар: Маңызды уақыттардың анық айтылмауы Уақытыңды басқар: Маңызды уақыттардың анық
Уақытын тиімді пайдалану қажеттігін толықтай түсініп, тәжірибе жүзіне өткізе білген жандарды одан ары құлшындыра түсу үшін әрі сол уақыт тұрғысында
Мүбәрак күндер мен түндер Мүбәрак күндер мен түндер
Ислам күнтізбесі бойынша алғашқы ай – мухаррам айы. Жаңа жыл осы аймен басталады. Мухаррам айы – Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі.
Мүбәрак күндер мен түндер Мүбәрак күндер мен түндер
Аптаның ең қадірлі күні. Құран Кәрім әмірі бойынша аптасына бір рет оқылуы парыз етілген намаз осы күнге сәйкес келеді.
Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ
Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға - тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз
Қадір түні Қадір түні
Шілденің 1 - нен 2 - не қараған түн – Қадір түні. Бұл түнді құлшылықпен, Аллаға жалбарынып, дұғамен өткізу қажет. Пітір садақаны Рамазан айы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×