ойын сауық отауы
Есек пен қасқыр ғибратты әңгіме
24.09.2019 2 940 0 Дауыл

Есек пен қасқыр ғибратты әңгіме

Бұл қызықты
Бір күні есек пен қасқыр бір шөптің түсіне бола айтысып қалады. Есек шөптің түсін сары десе, қасқыр жасыл дейді. Екеуі біраз пікір таласып ымыраға келе алмай, ақыры аң патшасы арыстанға барып төрелік етуін сұрайды.
Сот басталады. Әрқайсысы өз дəлелдерін айтып, өз пікірлерін алға тартады. Соттың үкімі шығар кезде барлығы əділ шешім күтеді. Ал арыстан болса, олардың үмітін су сепкендей басып, қасқырды бір айға абақтыға жабады. Ал есекті босатып жібереді.
Қасқыр таң қалып:
- Мырзам! Шөптің түсі жасыл емес пе еді? деп сұрайды. Арыстан:
- Әрине, - дейді. Қасқыр:
- Ендеше менікі дұрыс болса да не үшін маған қарсы үкім шығарып абақтыға жаптыңыз? - дейді.
Сонда арыстан:
- Есекпен бірге есек болып, тартысқаның үшін! - деп жауап берген екен)
***
Қиссадан алар ҒИБРАТ мынау: қазақта "өспейтін бала өнбейтін дауды қуады" деген сөз бар. Яғни ешқашан өзі мәселені жетік білмейтін, əрі біржақты қыңыр адаммен айтыспа. Пайдасы жоқ іске уақытыңды сарп етіп, өміріңді құр босқа өткізбе. Гүлдерді өсіретін найзағай емес, жаңбыр екенін ұмытпағайсың...
Дереккөзі: Зауре Даулетова парақшасынан

Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев
Жиылып күшін қосып біраз аңдар, Ішінде қасқыр, арыстан қабыландар, Өлтіріп бір аюды жалаң жерде Әрқайсысы бет - бетімен талады олар.
Есек пен қасқырдың таласы Есек пен қасқырдың таласы
Бір күні есек пен қасқыр шөптің түсіне бола айтысып қалады. Есек шөптің түсін сары десе, қасқыр жасыл дейді. Екеуі біраз пікір таластырып ымыраға
Төлдердің атаулары Төлдердің атаулары
Түйе – бота Жылқы – құлын Сиыр, қодас – бұзау Қой – қозы
Екі қасқыр Екі қасқыр
Баяғыда бір үндіс қарт немересіне өмірлік шындық туралы әңгімелепті.
Қартайған арыстан Қартайған арыстан
Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбынды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Ат пен есек Ат пен есек
Біреудің есегі мен бар еді Аты, Апарар бір қалаға болды заты. Аты мен есегіне артып алып, Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×