ойын сауық отауы
Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев
01.03.2019 1 457 0 Дауыл

Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
АҢ АУЛАСҚАН ҚОЯН - Спандияр Көбеев
Жиылып күшін қосып біраз аңдар,
Ішінде қасқыр, арыстан қабыландар,
Өлтіріп бір аюды жалаң жерде
Әрқайсысы бет - бетімен талады олар.
Солардың келе салып арасымен
Көз салмай қайратына шамасымен
Аюдың құлағынан жатыр тартып,
Бір қоян көпшілікте баласымен.
Сен бадырақ дейді аңдар келдің қайдан?
Ақырып бәрі бірдей анадайдан,
Осынша өзімсініп киліккендей,
Бар ма еді бізге тиген титтей пайдаң,
— Ағайлар, құлағың сал бұл кеңеске,
Ертеден келе жатқан болса да ескі,
Орманның арасымен азаптанып,
Жалаңға қуып шыққан мен емес пе?
Қоянның бұл сөзінің өтірігі анық,
Болса да жұрт таң қалды ғажаптанып,
Күлісіп, мәз болысып сол арада,
Құлағын берді аюдың жұлып алып.
Күледі мақтаншаққа кейбір адам,
Ғибратын көрсетейін осы арадан,
Бір мінез құдай берген ол пақырға,
Ол кісі оныменен емес жаман,
Әрине, мақтаншақтық емес тәуір,
Болғасын бірақ, әдет етпес сабыр,
Құр жұрттың, сырттан күлген сөзі ғана
Ол мінез иесіне бермес жәбір.
Шамадан тысқары сөз керек емес,
Әшейін соның үшін еттік кеңес,
Жұрт күліп мақтаншаққа жүрсе дағы,
Олжадан көбінесе тиер үлес.

Асыл шөп - Спандияр Көбеев Асыл шөп - Спандияр Көбеев
Үш - төрт күн жазбағалы болды хатты, Емеспін шешен мырза тілім тәтті. Екі қап алма арқалап екі қатын, Зылиқа әм Қадиша келе жатты.
Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев
Көзі ұйқыда, көңілі ояу жатты арыстан Аң аулап, дымы құрып кеп алыстан Байқамай ойнап жүріп аңдаусызда, Үстімен кетті жүріп сорлы тышқан.
Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев
Бір күні шалшықтағы көлбақалар, Жан - жағын жинауға бір етіпті жар. Бұзылып халық кетті бетімен деп, Қызметсіз құр тұрудың не мәні бар.
Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев
Мықты болсаң күшіңе серік болсын ақыл, Бес күндік дүниеге еріп болма ғафыл, Кейінгі балалардың пайдасы үшін, Көрсетіп тәржімамен айттым нақыл, Құр
Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев
Аңшылар аңға шықты мылтық алып, Иттерін жүйрік - жүйрік ертіп алып, Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан, Бір қасқыр қаша берді тұра салып.
Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев
Қасқырдың есітуге аты жаман, Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман, Түзеліп лауахазда кісі болмас, Шыққаннан дүниеге болса надан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×