ойын сауық отауы
Жаңа жылға арналған тілек
25.12.2022 2 126 0 Admin

Жаңа жылға арналған тілек

Бата, тілектер
Баяғыда бір жақсы адам өмір сүріпті. Өзі жомарт, қайырымды, әрі асқан ақылды адам екен. Жасы жүзге жеткенде әлгі адам қатты сырқаттанып (ауырып) қалыпты. Ажалды күтіп бүк түсіп үйде жатқанда, бір күні оның есігін біреу тақылдатып қағыпты. 
«Бұл кім?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен – Махаббатпын, саған көмектесейін деп келдім, есігіңді аш» - депті қонақ.

Жақсы адам оған: «Махаббат, сенің маған керегің жоқ, көмектесе алмайсың, рахмет, қайта бер» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, есікті тағы біреу тақылдатыпты. «Кімсің?» деген сұраққа ол: «Мен – Байлықпын! Сендей жақсы адамға көмектесуге келдім. 

Ауруыңды емдей алам ба?» деп жауап беріпті. Жақсы адам:«Рахмет, Байлық, сен маған керек жоқсың енді» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, тағы біреу ақырын ғана қағыпты. «Кім бұл?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен - Денсаулықпын, парасатты адам!» - депті есіктің сыртындағы қонақ. Жақсы адам сүйретіліп барып, есікті ашып жіберсе, ар жағында үш жігіт тұр дейді. 

«Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп, Байлық пен Махаббат жымиып күліп, Денсаулықтың екі қолынан ұстап, босағадан кіріп келе жатыпты.

Құрметті достар, Жаңа жылда бәріңіздің шаңырағыңызға дәл осылай Денсаулық, махаббат және байлық үшеуі бірдей қол ұстасып кіріп келсін және ешқашан қайтып шықпасын!

Өз - өзіңді жақсы көр... Өз - өзіңді жақсы көр...
Мейлі біреу сені дұшпан санасын, Мейлі біреу жаман көзбен қарасын. Сен оларға жақсы көзбен қарай caл, Сонда олардан жоғарылау боласың.
Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш! Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш!
Бір күні жас жұбайлар бірге тамақтанып отырады. Бір кезде үйінің есігін біреу қағыпты. Әйел есікті ашып қараса, бір кедей кісі нан сұрап келіпті.
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін.
Адам туралы мақал - мәтелдер Адам туралы мақал - мәтелдер
Адам адаммен, жер сумен.
Жақсылық, жақсы адам туралы мақал - мәтелдер Жақсылық, жақсы адам туралы мақал - мәтелдер
Айдынды жақсы аймен тең, Жомарт жігіт баймен тең.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×