Күйеуіне ақылды әйелінің айтқаны
Бұл қызықты
Алпысты алқымдап қалған жазушы жұмыс үстеліне сылқ етіп отыра кетті. Көңілі құлазыған. Биыл ауыр жылды басынан өткерді. Қолына қалам алып, ішіндегі шерін қойын дәптерге жаза бастады:
«Бұл жылы ота жасаттым, өтімді алдырдым. Айығып кеткенше ұзақ айлар төсекке таңылдым. Жасым алпысқа да келді. Отыз жыл қызмет еткен жұмыс орнымды босаттым. Әкем қайтыс болды. Жол апаты салдарынан бірнеше ай оқуына бара алмаған балам Медицина университетінен шығарылды»,- деп жазды. Ең соңында: «Бұл неткен жаман жыл!!!»,- деп тәмамдады.
- Бөлмеге жұбайы кіріп келді де, күйеуінің еңсесі түсіп отырғанын байқады. Жақындап келіп, стол үстіндегі жазбаны көрді. Оқыды да, үнсіз бөлмеден шығып кетті. Біршама уақыттан кейін қайта кіріп, жазбаның жанына бір жапырақ қағаз қойды. Жазушы оны қолына алып, әйелінің жазған ойын оқи бастады:
«Тағы да бір жылың артта қалды. Ұзақ жылдар мазаңды алған өт дертінен емделіп шықтың. Алпыс жасқа келдің, денің сау. Баспагерлік қызметтен зейнеткерлікке шығып, жоспарлаған кітаптарыңды жазуға уақыт таптың. Әкең ұзақ та бақытты өмір сүрді. Ешбір ауырмай, ешкімге салмақ түсірмей, сексен бес жасқа келіп бақилық болды. Жол апатына түскен балаң, бір ажалдан қалды. Аяқ - қолы дін аман», - деп жазыпты. Соңында: «Бұл ғажайып жыл болды. Бізге келген сынақты, біз бірге жеңіп шықтық» - делінген.
Расында, біз үнемі өзімізге ұнамаған жайтқа көңіл аударамыз. Сондықтан болар, шүкіршілігіміз аз. Әрдайым жағымсыз жағдай есімізде қалады. Содан болса керек, алғыс айтуды ұмытамыз.
Сондықтан, Құран Кәрімде:
«Ақиқатында, Раббың адамдарға кеңшілік иесі. Алайда, олардың көбі шүкір қылмайды»,- деп ескертеді.
Нәміл сүресі, 73 - аят.

Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны
Күйеуі келіншегіне күлімсіреп: «менде бүгін сенімен телефонмен сөйлескім келді, бірақ күн суық болғандықтан ба кафеде клиент өте көп болды. Сәті
Тау халқында бір аңыз бар мынадай...
Орныменен таба білсең қолданыс, Жылуың мен мейірімің - ол да күш. Дәл осындай отырғанын ұмытпа Әр еркектің ішінде бір жолбарыс...
Сабырлық
Бір патша шеттен әкеле жатқан бір құлымен кемеге келіп отырды. Құл бұрын теңіз көрмеген, кеме азабын шекпеген еді. Сабыр ете білмеді. Қатты жылап,
Көктем
Күн жылына бастады, көктем келді, Ұнатамын бетімен өпкен желді. Шартылдайды найзағай көк аспанда, Салып жатыр қып - қызыл отпен белгі.