ойын сауық отауы
Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады!
25.02.2021 3 326 0 Admin

Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады!

Бұл қызықты
Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады
Баяғыда бір әйел күнде таңертең ерте тұрып екі таба нан пісіреді екен. Бірін өз отбасы турап жесе, екіншісін көшедегі жай жүргіншіге үлестіреді екен. Екінші нанды ылғи терезенің алдына қоя салады. Көзі түскен кез келген адам алып кете береді. Сол нанды терезенің алдына қойған сайын әйел жақсы өмір іздеп сапарға шыққан ұлы үшін дұға жасайды. Бірнеше ай бойы баласынан хабар жоқ, соның аман - есен үйге оралуын тілейді.
Бірде ол бір бүкір адамның күнде келіп нанын жеп жүргенін байқайды. Бірақ алғыс айтудың орнына әлгі бүкір: «Сен жасаған жамандық сенде қалады. Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады!» дейді екен. Осылай көп күн қайталанады. Алғыс сөз естімеген әйел өзін алданып жүргендей сезіне бастайды. Содан шыдамай, бір күні осы не істеп жүрмін мен деп ойланады. «Неде болса, әлгі түрі ұсқынсыз бүкірден құтылайын» деп ойлайды да, екінші таба нанға у қосып пісіреді. Піскен нанды терезе алдына қояйын дегенде қолы дірілдеп, мен не істедім деп қорқып кетеді де, нанды отқа тастай салады. Қайтадан басқа нан пісіріп, терезе алдына соны қояды. Бүкір күнде қайталайтын сөзі айтып, нанды әкетеді. Әйел іштен тынады. Сол күні кешкісін есікті біреу қағады. Есікті ашқан әйел өз ұлын көріп, қуанып кетеді. Баласының түрі адам шошырлық. Аш, жалаңаш, жүдеп - жадаған, үстінде жыртық киім.
- Апатай, үйге жеткеніме шүкір. Қалаға жете берер жерде аштықтан көзім тұмантып, құлап қаппын. Бір бүкір кісі қолындағы нанымен бөлісіп, аман қалдым. Ол болмағанда өліп кетер ем, - дейді. - Бүкірдің күні бойы талғажау ететіні бір нан екен. Соның өзін маған қиды, - дегенді естігенде әйел көзіне жас алады. Басы айналып, құлап қалмау үшін есіктен ұстанады. Есіне таңертең у қосып пісірген нан түсті. Сол нанды отқа тастамағанда өз баласын өз қолымен өлтірген болар еді - ау... Әйел бүкірдің күнде қайталайтын: «Сен жасаған жамандық сенде қалады. Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады!» дегенін осы сәтте жан - жүрегімен анық түсінеді.
Мораль: Ешкім бағаламаса да жақсылық жасауды доғарма.
Аударған Шынар Әбілда

Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде
Мәлік ибн Динар деген әулие кісі жайлы Мәлік ибн Динар деген әулие кісі жайлы
Кезінде бір Мәлік ибн Динар деген әулие кісі өмір сүрген. Ол қажылыққа кетіп бара жатып, бір қызық оқиғаға куә болады. Тұмсығында наны бар бір құстың
Жақсылық құдайдан қайтады Жақсылық құдайдан қайтады
Ертеректе өзен жағасында жұмыс істеп жатқан бір шаруа өзенде ағып бара жатқан бір кішкентай баланы көріп, жалма - жан суға секіріп түсіп, баланы
Алғыс дәметпе! Алғыс дәметпе!
Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан - жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін.
Өмірдің мәні неде? Өмірдің мәні неде?
Бағзы заманда бір кісі өмірдің мақсатын білмекке ізденіпті. Әрі ойлайды, бері ойлайды бірақ санасын торлаған сауалға жауап таба алмайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×