ойын сауық отауы
Ақылды әйел
19.12.2020 2 130 0 Admin

Ақылды әйел

Бұл қызықты
Ақылды әйел
Үйлену тойының бірінші күні өзі, жаңа келіншегі және анасы үшеуі дастарxан басына жиналыпты. Күйеуі дастарxан басында жаңа келіншегіне ерекше құрмет көрсетіп үлкен - сәнді кесемен тамақтың ең құнарлы жерін ұсыныпты. Ал анасына көңіл аудармастан, қарапайым кесемен тамақтың қарапайым жерінен ұсыныпты.
Бұны сезген текті әрі дана келіншек, күйеуіне:
«Менің талағымды беріңіз, сізбенен ажырасамын», - депті.
Күйеуі сүйіп қосылған келіншегін алған шешімінен қайтарамын деп көп жалыныпты, ақыры болмағасын күйеуі мұндай шешім қабылдауының сырын білгісі келіп далбасалап сұрағанда келіншек:
- Бұрынғылар "Қанына тартпай тумайды, - деген екен. «Қалай жазаласаң солай жазаланасың»,- деген ескінің сөзі де бар. Мен сізден бала тапқым келмейді, өйткені егер бала тапсам, қазір анаңыз қорланғандай менде ертең қорланамын ба,- деп қорқамын." - депті.
Сонымен келіншек ол жігітпен ажырасып, анасына мейірбан - жақсылық жасаушы бір жігітке тұрмысқа шығыпты.
Арадан біраз жылдар өтіп, күндердің - күнінде керуенде түйенің үстіне қойылған түймешеде, бала - шағасының қызметінің аясында келе жатып, керуеннің соңында жаяу келе жатқан қараусыз бір шалға көзі түсіпті...
Сонда әйел:
"Ана ақсақалды қасыма алып келіңдер, - деп бала - шағасына бұйырып, шалды шақыртып алыпты. Сөйтсе ол бұрынғы күйеуі екен... Ол әйел жаңағы шалға қарап:
- Мені таныдыңызба? - деп сұрапты.
Сонда шал: Жоқ, - депті.
Сонда әйел:
- Мен сіздің бұрынғы келіншегіңізбін, мен сізге сол кезде; «Қанына тартпай тумайды. Қалай жазаласаң солай жазаланасың»,- деп айтпап па едім. Міне қараңыз, менің бала - шағам қалай қызметімді атқарып жүр, ал сіздің қартайған кезде жаныңыздан табылуы тиіс бала-шағаңыз қайда? – депті де,
«Сауап үшін мына ақсақалға да қамқор болыңдар», - деп бала - шағасына бұйырыпты.
Абу Жағфар: «Кей келіншектер үйде күйеуі өз анасынан келіншегін абзал қойып жатса, марқаяды. «Мені сүйеді екен, мен үшін бәрінен баз кешеді екен», - деп көкірек қағады.
Бірақ бүгін келіншегі үшін анасынан баз кешкен жігіттен ертең өзінен де баз кешер бала табарын қиялынан тыс қалдырады»,- депті.
Атам қазақ: «Атаңа не істесең, балаңнан сол келер»,- деген еді.
"Жəннəт аналардың аяғының астында".  Аналарымызды құрметтейік Ер азаматтар.
Еркек Анасын құрметтемесе қатыны қайдан құрметтесін

Аналарымыз аман болсын! Аналарымыз аман болсын!
- Апа, не істеп жатсыз? - дейді үлкені күлімсіреп. - Осы жерде жатсаңдар, қазір поезд келеді соны көресіңдер, қозғалмаңдар, жарай ма?- дейді өгей ана
Мейірім Мейірім
Бір келіншек хат жазыпты.."14 жаста қызым бар, қалағанының бәрін әперіп отырмыз әкесі екеуміз, бірақ өте қырсық, өтірікті көп айтады, ұрдым, ұрыстым,
Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны
Күйеуі келіншегіне күлімсіреп: «менде бүгін сенімен телефонмен сөйлескім келді, бірақ күн суық болғандықтан ба кафеде клиент өте көп болды. Сәті
Жақсы әйел. Жүсіп Баласағұн Жақсы әйел. Жүсіп Баласағұн
Əйел алмақ болсаң, егер, қарарсың, Жіті бағып таңдаулысын аларсың! — Жібек мінез — қыз - келіншек шырыны, Біле білсең, əйел көркі — қылығы!
Әйелдің күйеуіне әсері Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады.
Жас келін Жас келін
Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал - шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×