ойын сауық отауы
Тапқыр суретші
28.01.2020 1 756 0 Admin

Тапқыр суретші

Бұл қызықты
Баяғыда бір көзі соқыр әрі бір аяғы шолақ патша өмір сүріпті. Бір күні өз портретін салдырмақшы болып, еліндегі барлық суретшілердің басын қосыпты. Оларға өз портретін салып шығуды, алайда денесіндегі ешбір кемістіктің байқалмай тұруын тапсырыпты. Мұндай қиын шартты орындай алмаған суретшілердің барлығы дерлік сурет салудан бас тартыпты. Себебі, кемістігін білдірмеу ешкімнің қолынан келмеген екен.
Алайда, араларынан бір - ақ суретші шығып, тапсырманы орындай алатынын айтыпты. Осылайша тәуекелге бел байлаған азамат біраз уақыттан кейін елді таңдай қақтырған шынайы суретті дүниеге әкеліпті. Қалай дейсіз ғой?

Тапқыр суретші қолына мылтық кезеніп, шолақ аяғымен тізерлеген күйі соқыр көзін жұмып, әлденені көздеп тұрған патшаны салған екен!
Міне, керемет! Бұл тапқырлыққа патша да риза болып, сыйын көрсетіпті!
Иә, кейде адамның бойындағы кемшілік анық көрініп тұрса да, оны даналықпен жасырып қалуға болады. Мына өмірде де біреудің мінін қазбаламай, оны ұтымды жеткізе алудың шеберлігін меңгерсек қандай ғанибет болар еді, ә?

Алланың пендесін жарылқауы Алланың пендесін жарылқауы
Ілгеріде бір патша үлкен кеселге шалыныпты. Тәуіп, балгер, емшілер ешқандай ем таппапты. Патшаның жүрегін бір тышқан кеміргендей ауырып тұратын
Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар
Баланы әр ұлт өзінше тәрбиелейді. Бала кезден көрген тәрбие өсіп - өнгенше оның бойына азық болады. Қазағым «тәрбие – тал бесіктен» деп бекер
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар
Баяғыда Африкалық патшаның бірге өскен досы болыпты. Сол досы өмірде қандай жағдай болмасын мейлі ол жақсы оқиға болсын, келеңсіз оқиға болсын: -
Әйелдің тілін алу керек пе? Әйелдің тілін алу керек пе?
Парсылық патша Хусрау Паруаз (570 - 628) балық жеуді сүйеді екен. Бір күні әйелі Шырынмен мәжілісте отырады. Сол сәтте қолында сирек кездесетін үлкен
Айна мен маймыл Айна мен маймыл
Айнаның қарсы алдына Маймыл барып, Айнада өз суретін көре салып, Аюға жанындағы күліп айтты, Ақырын аяғымен түртіп қалып: «Бері қара! Бұ кім өзі
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×