ойын сауық отауы
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі
18.11.2020 1 508 0 Admin

Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі

Әңгімелер
Абай айнасы – рухани кемелдену
Адам өзінің жан екенін түсінуі

Жан иелері ләззаттанып, өмірдің рақатын көру үшін бұл әлемде де бірігеді. Бұл – материалдық бірігу. Рухани әлемде кішкентай жандар Жоғары Рух арқылы біріксе, фәни әлемде олар төменгі материалдық қуат арқылы, яғни материалдық құндылық арқылы бірігеді. Бұл екі бірігудің айырмашылығы үлкен: рухани бірігуде шексіз ләззат бар, ал материалдық бірігу басында бал тәрізді тәтті болса да, арты уға айналады. Бұл – материалдық әлемнің заңдылығы. Материалдық бірігудің зардабын Абай алтыншы қара сөзінде түсіндіреді:
«Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік атты – ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес... Бірлік малға сатылса, анұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін Құдайдан тілейді, әйтпесе Құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне - бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін - бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?». Абай осылай бірліктің негізгі мақсаты Құдайдан тілеуге үйрету екенін білдіреді. Бірақ фәни өмірдегі бірлік екі түрлі болатынын айтады. Біріншісі – ортақ киім, ортақ дәулет, яғни мал - дүние арқылы. Мұндай бірліктің бақытынан залалы көп болады. Оған себеп – өздерін тән деп білгендіктен, жалған эгоның ықпалымен адамдар бақытты тән арқылы сезінуге ұмтылады. Тойымсыз, арсыз сезімдер адамды өзіне тиесілі несібеден артық алуға итереді. Олар неғұрлым көп алса, соғұрлым молырақ ләззаттанамыз деп ойлайды. Осылай әркім қолынан келгенше түрлі қитұрқыға барып, басқаны алдауға тырысады. Абай сөзімен айтқанда, «Құдайдан тілемей», өз күштерімен табамыз деп имандылығын жоғалтады. Біріне - бірі пәле іздеп, не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, пәле салып алдаудың амалын іздейді деп ойшыл бұл арада әйелдердің, жарының, досының және жауларының ұнамсыз қылықтарын айтып отыр. Ойшыл осылай мал арқылы жасаған бірлік адамға жетілу бермейтінін, сонымен бірге адамға бақыттан гөрі зардабын көп тигізетінін көрсетеді. Ол бірліктің бұдан гөрі жоғары түріне сілтейді. Ол – ақылға бірлік, яғни адамның ой - сезімдерін біріктіретін нәзік болмыс арқылы болатын бірлік. Сонда әркім несібесін Құдайдан тілейді дейді. Осылай Абай бабамыз бірліктің мақсаты Құдайға жақындау екенін білдіреді.
Жоғары Жан арқылы бірігу басқа екі бірлікті де қосады. Олар осы негізгі бірліктің салдары ғана. Құдайға қайту үшін әркім өзінің денесін дұрыс қалыпта сақтау керек, ендеше мал бірлігі де керек. Сонымен бірге Құдайға құлшылық жасау үшін адамдар түрлі ұйымдарға бірігеді. Айталық, еркек пен әйел бірігіп отбасын құрайды. Табиғат заңдылығы оларды біріктіріп, бір мақсатта әрекет өткізеді. Сөйтіп жан иелері қоғамның алғашқы ұйымын – отбасын құрады. Мұндай бірлік барлық жан иелеріне тән. Айталық, мал ішінде жылқының үйірі, аңдардың ішінде қасқырдың үйірі осының көрінісі деуге болады. Бірақ адам мен хайуанаттар бірлігі арасында айырмашылық бар. Хайуанаттардағы бірліктің негізгі физикалық тәннің табиғи қажеттілігі болса, адамдардағы бірліктің негізі олардың адамшылығында, яғни ақыл - ес, ой - өріс, қалау - ниет тәрізді нәзік болмыстарының бірлігінде. Абай осылай адамның жетілуі үшін отбасының маңызын білдіреді.
Адамдар жан иелерінің арасында сана - сезімдері жоғарылары болғандықтан, олардың бірлігі де жоғары. Отбасы адамның дамып, жетілуіне алғашқы мүмкіндіктер жасайды, сондықтан отбасын құру адамның фәни әлемдегі негізгі табиғи міндеттерінің бірі болып табылады.
Жетілудің материалдық сатысындағылар тұрпайы физикалық тәннің ғана емес, сонымен бірге нәзік болмыстардың да ықпалында болғандықтан, олардың бірлігі нәзік болмыстарға негізделеді. Адамдар өздерін ләззаттандыру үшін өздерінің сөзін, ой - өрісін, мінез - құлқын қолдайтын адамдармен бірігіп өзіндік орта құрайды. Сөйтіп, нәзік бомыстары араласып, алмасуы арқылы адамдардың өзіндік бірліктерін сақтауға ұмтылып, сол үшін күрес жүргізуі де мүмкін. Фәни өмірде адамдардың ой - өрісінің дейгейіне байланысты бірлік сезімдері ру, тайпа, ұлт, халық, мемлекет, бүкіл адамзат аумағын қамтып, кеңи береді. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның жан дүниесі тазарып, білімі толысқан сайын өзін балайтын нәрселер шеңбері өсе береді. Ондай тұлғалар кемелдену барысында отбасы мүддесінен
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның имандылығы дамып, белгілі бір дәрежеге жеткенде оны бұл өмірдің қызығы жалықтырып, одан да жоғары ләззат барын сезе бастайды. Ол ізденіс
Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету
Ақиқатында, дәулетке жету деңгейіндегі адамда терең рухани білім жоқ. Ол тек қана өмір заңдылығын бұзбайтын, адал еңбек етіп, адал өмір сүретін адам.
Ынтымақ - бірлік, татулық туралы Ынтымақ - бірлік, татулық туралы
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс алды – ынтымақ Адам ұйымшыл, мал үйіршіл. Ажыраған бірін - бірі іздейді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×