ойын сауық отауы
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
23.01.2021 1 444 0 Admin

Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері

Бұл қызықты
Халық күнтізбесі
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Шілде – жылдың бесінші айы, жаз ортасы. «Шілде» атауының екі мағынасы бар. Бірі – «қырық күндік уақыт кесіндісі», екінші – «отыз күндік азаматтық ай». Бірінші мағынасында жаздың ең ыстық 40 күнін (жуық түрде 26 маусым мен 5 тамыз аралығы) немесе қыстың ең суық 40 күнін (жуық түрде 27 желтоқсан мен 5 ақпан аралығы) айтады. Бұлардың алдыңғысы «жазғы шілде» немесе «үлкен шілде» деп, соңғысы «қысқы шілде» немесе «кіші шілде» деп аталады. Жазғы шілде кезінде «Үркер жерде жатады». Сәбит Дөнентаевтың (1894 - 1933) шілдені сипаттаған өлеңінде мынадай жолдар бар:
Жаз бен жалғас шілде келді,
Деп ұқпаңдар мүлде келді,
«Қосыныңды қуартам» деп,
Шақырайған түрде келді.
Маса, сона, бөгелектер
Ұрандасып бірге келді.
......................................
«Ырас - ау» деп, басын изеп,
Боз шолақтар тілге келді...
Бұл өлең 1915 жылы жазылған. Абайдың «Жаздыгүні шілде болғанда» деп басталатын әйгілі өлеңін оқымаған қазақ кемде - кем шығар. Халық әндерінің бірінде:
Жаз болса жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап, бұлбұл құстар сайрап тұрған,
Болғанда қырық күн шілде, сарша - тамыз
Ыстығы күннің түсіп, қайнап тұрған, -
Делінеді. Кейде жаздың осы ыстық болатын 40 күні ешбір айға жатқызылмай, жай да айтыла береді. Айталық:
Қызыл турам дәм болса,
Аямайды қарындас
Қырық күншілік жаз күні.
(«Тоқсан үйлі тобыр» жырынан)
Қысқы шілде сирек айтылады.
«Шілденің» екінші мағынасына келейік. Кейбіреулер «шәлде ай емес, тек жаздың ыстық болатын 40 күні» деп топшылайды, бірақ дәлел келтіре алмайды. Бұл – ұшқары пікір. Жоғарыда айтылған тізімдердің біәрінде де шілде айы бар, олардың бәрі қате деу ағаттық болар. Шілде айы «Қобыланды батыр» жырында да айтылған:
Шілдедегі бір айда
Көктен түскен самал - ды.
....................................
Шөже мен Кемпірбайдың айтысында:
Шілденің он бесінде сауын айтып,
Жаныстың Сәтбайының асы болды, -
дейтін жолдар бар. Бұл айтыс ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында өткен.
І. Жансүгіровтің балаларға арналған (1922 жылы жазылған) бір өлеңінде:
Шілдем, шілдем – шілдем айым,
Шырлар торғай күн сайын.
Шұбар ала шешектер,
Шудаланған көк шөптер.
Жапырақтар жалпайды,
Жас қозылар марқайды, -
делінеді. Мұндай мысалдарды келітер беруге болады, олар шілденің екінші мағынасы да болғандығын дәлелдейді.
Жетісу қазақтарының бір бөлігі ақпан орнына «екі ағайынды» деген айды айтқан. Олар:
Ақпан – тоқпан,
Ай мүйізді алты күн,
Сұрап алған жеті күн,
....................................
Қырына алса, қырық күн
деген. Қазақтардың көпшілігі «екі ағайынды» айын білмеген, айлар есебінде ақпанды алған, ол – жылдың ең соңғы айы.
Азаматтық айлардың аттары ықшам, айтуға да, жазуға да қолайлы, тікелей өмірден алынып, ғасырлар бойы қолданылып келген. Олардың ішінде Рим айларындағыдай пірлер мен патшалардың аттары кездеспейді.
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі азаматтық айларды ескі санат (юлиан күнтізбесі) бойынша былай көрсетуге болады:
наурыз, 9 наурыздан 7 сәуірге дейін,
көкем, 8 сәуірден 7 мамырға дейін,
мамыр, 8 мамырдан 6 маусымға дейін,
отамалы, 7 маусымнан 6 шілдеге дейін,
шілде, 7 шілдеден 5 тамызға дейін,
сарша, 6 тамыздан 4 қыркүйекке дейін,
қыркүйек, 5 қыркүйектен 4 қазанға дейін,
қазан, 5 қазаннан 3 қарашаға дейін,
қараша, 4 қарашадан 3 желтоқсанға дейін,
желтоқсан, 4 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін,
қаңтар, 3 қаңтардан 1 ақпанға дейін,
ал жай жылдары:
ақпан, 2 ақпаннан 3 наурызға дейін,
бес қонақ, 4 наурыздан 8 наурызға дейін,
кібісе жылдары:
ақпан, 2 ақпаннан 2 наурызға дейін,
бес қонақ, 3 наурыздан 8 наурызға дейін.
Айлардың шекараларын жаңа санат бойынша көрсету үшін, ХХ ғасырда тиісті даталарға 13 күн қосып отыру керек. Айталық, ХХ ғасырда наурыз – 22 наурыз бен 20 сәуір аралығы, көкек – 21 сәуір мен 20 мамыр аралығы т. с. с. болады.
Қазір бидайдың 22 түрі бар. Олар: цезиум, мичуринка, безостая, янтарь т. б. Білмейтін адам бәрін де бидай дейді, бірақ бірінен - бірін айыра алмайды. Бидайдың түрлерін тек маман агрономдар ғана ажырата алады. Айлардың жоғарыда қарастырылыған тізімдері бір қапшыққа салынып, араласып кеткен әр түрлі бидай сияқты еді: жұлдыз айлар, тоғыс айлары, азаматтық айлар, кейбіреулері ескі санат бойынша, кейбіреулері жаңа санат бойынша тізіле берген. Бұлардың жүйелерін анықтап, әрқайсысын өз орнына орналастыру үшін көптеген халықтардың күнтізбелерімен танысуға, салыстыра талдауға және әр түрлі күнтізбелердің астрономиялық негіздерін қарастыруға тура келеді.
Азаматтық айлардың қазақ күнтізбесінде қашаннан бері қолданылып жатқандығы жөнінде мағлұмат жоқ. Көне түркі жазуларында олар кездеспейді. «Қобыланды батыр» жырында наурыз, көкек, шілде айлары айтылады.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Әлбетте, қазақ халқы құрала бастағаннан бері айлардың төрт жүйесі қолданылған. Олар: тоғыс айлар, зодиак айлары, азаматтық айлар және араб айлары.
Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі
Құралайдың салқыны Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киіктің
Жаздық шинаны қыстық шинаға қашан ауыстыру қажет? Жаздық шинаны қыстық шинаға қашан ауыстыру қажет?
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қыс мезгіліндегі машина дөңгелегін жаздық шинадан қыстық шинаға қашан ауыстыру туралы айтты.
Жазғы шілде Жазғы шілде
Ой, балалар, балалар! Шілдем - шілдем, шілде айым. Шырлап торғай күн сайын. Шұбар ала шешектер,
Нұр Нұр
Шалғайын шалқар малшыған Бұлт келді, Көктен кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан Топырақ иісі бұрқ етті.
Талап пен атасы Талап пен атасы
Шілде келді, Алапта Пісіп қалды шүйгін шөп, Атасы айты Талапқа: - Шөп шабуға жүргін, - деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×