ойын сауық отауы
Балалар мен үй жануарлары
15.10.2020 950 0 Admin

Балалар мен үй жануарлары

Бұл қызықты
Білгенге – маржан
Балалар мен үй жануарлары
Әлбетте, үй жануарларын ұстайтын отбасыда тәрбиеленетін балалар үй жануарларын асырамайтын балаларға қарағанда ақылдырақ болып келеді екен. Бұл ретте шиншилла асырайтын балалардың ақыл - парасаты үздік нәтижелер көрсетеді.
5 - 16 жас аралығындағы балалардың 79%- ы үй жануарларын асырау үй шаруасын орындауға оң ықпал етеді деп есептейді. Шиншилла асырайтын балалардың 55%- ы өздерінің ақыл - ойы жақсы дамығанын сезінеді. Жалпы, үй жануарларын асырайтын балалар қамқор және жауапкершілігі мол болып өседі. Мыңнан аса балаға сауалнама жүргізген британдық әлеуметтанушылар осындай қорытындыға келді.
Әртүрлі үй жануарлары балаларға әр қилы ықпал ететіні анықталды. Мысалы, егеуқұйрықтар немесе тышқандар асырайтындардың 92%- ы үй шаруасын орындауға жақсы септігін тигізеді деп есептейді. Осындай ықпал еткені үшін балалардың 86%- ы итке, 80%- ы мысыққа алғыс білдіреді. Сауалнамаға қатысушылардың тең жартысы үйде жануарлардың болуы арқасында өздерін бақытты сезінеді, үштен бір бөлігі жануарлар олардың байсалды әрі сабырлы болуына, ал 20%- ы ақылдырақ болуына септігін тигізетініне сенімді.
Бұл ретте шиншилла және ұсақ кеміргіштерді асырайтын балалардың 55%- ы өз қатарластарына қарағанда өздерін өте ақылды санайды. Бауырымен жорғалаушыларды асырайтындардың 68%- ы жануарлар олардың бойына жауапкершілік қасиетін ұялатқанын мойындайды. Екінші орында үй қояндарының (61%), үшінші орында мысықтардың (40%), төртінші орында иттердің (36%) иелері. Үй жануарларын ұстайтын балалардың 20%- ы олардың басқа балалармен қарым - қатынасты дұрыс жолға қойғаны үшін алғыс білдіреді.
Психологтар ұяң балалардың ортаға бейімделуі қабілетін арттыру үшін үй жануарларын асырауға бұрыннан кеңес беріп келеді. Егер бала біреумен танысудан жасқанатын болса, үй жануарлары оның айналасындағылармен тез тіл табысуына оң ықпал етеді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Балалармен үйде ойнайтын ойындар Балалармен үйде ойнайтын ойындар
Балалардың көңілін қалай аулауға болады? Балалардың көп уақыты үйде өтеді. Ал үйде отырған бала гаджеттен шығара алмайсың. Ендеше балаңыздың көңілін
Африкалық балалар анағұрлым сабырлы. Африкалық балалар анағұрлым сабырлы.
Германиялық балалармен салыстырғанда Африка халқының балалары өз арман - тілегін басқара біледі екен. Адам психикасының елеулі ерекшеліктерінің бірі
1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні 1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні
1925 жылдың 1 маусым күні Қытайдың АҚШ - тағы бас консулы Сан - Франциско қаласында «Айдаһар - қайық фестивалін» тойлау үшін жетім балаларды жинаған
Тәнім менің тіл қатар Тәнім менің тіл қатар
«Балғын балалық» - белгілі балалар ақыны Абдрахман Асылбектің соңғы жылдары балаларға арнап жазған өлеңдері
ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×