ойын сауық отауы
Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу қажет?
25.12.2022 3 561 0 Admin

Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу қажет?

Бұл қызықты
Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу керек?
• Жұмыстан келген жұбайыңыздың қабағы қатулы екенін байқадыңыз ба, дереу дастархан жайып, алдына ас алып келіңіз. Аш адам ашуланшақ келеді. Кейбір еркектердің ашуы аспен тарайтындығын ұмытпаңыз.

• Көңілсіз күйеуіңіздің көңіл - күйін қызықты жайттарға аудара біліңіз. Немесе бүгінгі күніңіздің қалай өткенін, балаларыңыздың тәтті қылықтарын айтып беріңіз. Ол үшін жанұясы - жанға жайлы демалыс болсын.

• Онсыз да ойы онға, санасы санға бөлініп отырған оған отбасындағы жетіспеушіліктерді айтып, еңсесін басқан жүкті ауырлатпаңыз. «Бибигүлдің күйеуі машина мініп алыпты. Зуляның күйеуі туған күніне қымбат алқа тарту етіпті...» деген сөздерді айта көрмеңіз.

• Жылы сөзіңіз де оның өмірге деген құштарлығын арттыратындығы есіңізде болсын. Кейде әйел адамның өзі де қатты сөздерімен немесе ақымақтықпен істеген ісімен еркекті ренжітіп алып жатса, дереу жылы жымиып, тәтті сөздерді төге салғанға не жетсін. Сонда ғана отбасында сыйластық болады. Ең дұрысы, қандай жағдайда да, әйелдің әрдайым жылы сөзі дайын тұрғаны абзал. Оның жақсы қасиеттерін сөз қылып, сақтап та қоюды естен шығармаңыз. Отбасындағы өткен көңілді, бақытты сәттерді еске түсіріп, күйеуіңізді алда болар қуаныштармен серпілтіңіз.

• Оны қатты сүйетініңізді, өте құрмет тұтатыныңызды, бағалайтыныңызды жиі - жиі айтып отырыңыз. Сүйіспеншілік те күйзелісті қуады.

• Күйеуіңізді көңілсіздік жайлағанда кішігірім ерекше сыйластық жасаңыз. Кешкі асты кафе, ресторанда ішкен де оның көңілін көтеруі мүмкін.

• Мұңға батқан күйеуіңізді жалғыз тастап кетпеңіз. Мүмкін, ол жақын араласатын досымен әңгімелескенді ұнататын шығар, досын үйге шақыруыңызға болады.

• Әйелдің жақсы массажист болғаны да дұрыс. Еркек шаршап келгенде, көңілсіздікке берілгенде әйелінің оған массаж жасағаны, аялы алақанымен сипағаны барлық күйзелісті, уайымды ұмыттырады. Міне, әйел күйеуіне қолдаушы, басына іс түскенде кеңесер ақылшы, қонақтар келгенде күтуші, мазасы болмағанда медбике, шаршағанда жақсы саяжай және көңілін аулаушы бола білсе ғой. Осылай ер адам жұмыстан көңілсіз оралғанда, әйел деген «қырық жанын» ортаға сала білсе, олар да қызметінде не болмаса жора - жолдастарымен бірнәрсеге келісе алмай қалса, көңіл - күйі болмаса сыраханаға немесе тағы басқа да жақтарға бармай, үйіне қайтқанша асығып тұратын болады.

Еркек деген қартаймайтын көрікті ел Еркек деген қартаймайтын көрікті ел
Еркек деген - қыдырады ерік бер, Еркек деген қартаймайтын көрікті ел. Еркектерді мейлі сен - ақ жаманда, Еркек деген, еркек деген ерікті ел...
Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Күйеуіңіздің мына қасиеттерін құрметтесеңіз, оның алмайтын асуы болмайды! Күйеуіңіздің мына қасиеттерін құрметтесеңіз, оның
«Әулетіміздің тірегі», «отағасы», «сенеріміз», «сүйеуіміз», «әкеміз», «осы үйдің егесі», деген сияқты сөздерді жиі айтып, мәртебесін көтеру;
Әйел бақыты - өз қолында Әйел бақыты - өз қолында
Қанша әйел ақылды, данышпан болса да, еркексіз әйелдің бақыты жоқ. Әйелдің еркексіз күні - түн.
Үй туралы мақал - мәтелдер Үй туралы мақал - мәтелдер
Үй туралы мақал - мәтелдер Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы. Түздегі май ішеді, Үйдегі зәр ішеді.
Сұлулықтың сыры Сұлулықтың сыры
Сұлулық сыры Ернім әдемі болсын деген арулар тек жылы сөздер айтуы керек.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×