ойын сауық отауы
Ең ақылды жастар Жапонияда тұрады
12.12.2016 1 431 0 Дауыл

Ең ақылды жастар Жапонияда тұрады

Жаңалықтар
Ең ақылды жастар Жапонияда тұрады.
«Universitas21» халықаралық университеттер жүйесі өткен жылғы зерттеулердің қорытындысын шығарды. Ол қай елде білімді жақсы береді және ақылды жастар қай елде көбірек тұратындығын анықтауға арналды.

Америкалық ғалымдар мен ETS бейресми ұйымы білім деңгейі бойынша америкалық жастардың алдына жан салмайтындығына қарамастан қазірге жас ұрпақтың білімі таяздығын мойындап отыр. Әсіресе олар математикадан нашар және оны өз өмірінде қолдана алмайды.

Зерттеу көрсеткендей, жер бетінде ең пайдасы жоқ жастардың дені Америкада өткен ғасырдың 80 - ші жылдары дүниеге келіпті. Әлемнің 22 елінде, оның ішінде Солтүстік Америкадан Азияға дейінгі елдер қамтылған аумақта жүргізілген талдау осыны көрсеткен. Ал, математиканы өмірде қолдану жағынан АҚШ артта қалып қойыпты. Италия мен Испания да соңғы көрсеткіштерді иемденген.

АҚШ Білім министрлігінің деректеріне қарағанда елдің ересек 32 миллион тұрғыны санауды мүлде білмейтін көрінеді. Бұл ел халқының 14 пайызы. Осылайша әрбір америкалық әдеби шығармаларды 5 сынып оқушыларының деңгейінде оқитын болып шыққан. Соған қарамастан әлемнің ондаған үздік университеттері АҚШ - та орналасқаны қызық. Принстон, Гарвард, Массачусетс секілді білім ордалары элитаға арналған. Мысалы Гарвардта оқу үшін жылына 60 мың доллар қажет. Бұл басқа да қажеттілікке жұмсалатын 20 мың долларды қоспағанда. Сондықтан да болар несие алып оқитындар жиі кездеседі.

Ал, ең ақылды жастар Жапонияда тұрады. Бұл елде оқу ақылы, талап басқа. Білім алу қымбат болғанымен (айына 7 - 8 мың доллар), соған сай оқитын жастардың талабына ETS мамандары да таңғалған. Жапондармен жарысқан финляндиялықтар өзгелерге қарағанда жастарға жақсылық жасаудан аянбай келеді. Өйткені - оқу тегін.

Швейцария мен Данияда да білім беру жақсы дамыған. Ал Қазақстандағы білім берудің қандай деңгейде екендігін өздеріңіз бағалаңыздар.

Дереккөзі: aikyn. kz

2019 жыл Жастар жылы болмақ… 2019 жыл Жастар жылы болмақ…
Біздің жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек - Назарбаев. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды.
2017-2018 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің  толық тізімі 2017-2018 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің
2017 - 2018 оқу жылына бакалавриатқа - 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп. Магистратураға
Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім министрлігі де қалап отырған жоқ Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім
Білім министрлігінің мектеп бітірушілердің лимузин жалдап, қызыл кілемге тапсырыс беруіне тыйым салуға қауқары жоқ. Бүгін вице-министр Бибігүл
Жапон халқына төніп тұрған қатер Жапон халқына төніп тұрған қатер
Ғалымдардың есебіне қарағанда, Жапонияда 127 миллионға таяу халықтың 2065 жылы 40 миллионы ғана қалуы мүмкін. 1899 жылдан бері, ғалымдардың есебінше,
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары
Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі ресми БАҚ - та жарияланды.
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×