ойын сауық отауы
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
23.01.2021 1 839 0 Admin

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар:
Мырза (жомарт) күз – дәнді дақылдар мен жеміс - жидектер пісіп молшылыққа кенелген кез.
Сары (алтын) күз – жапырақтар сарғайып, түлеген кез.
Жылауық күз – салқындаған, жауын - шашынды ылайсаң шақ.
Қоңыр күз – қара суық түсіп, күн бұлыңғырланар кез.
Қара күз – күн бұлыңғырланып, қара суық түскен кез.
Боқырау – суық түсіп, қар жауған кез, күздің соңғы айы.
Айдың ортасына қарай, күн едәуір салқындап, жауынға ұласып, түнде шөп басына біраз шық түскенімен, күндіз шуақты күндер болып тұрады. Мұндай жылы мезгілді «Мизам шуақ» деп атайды.
Қыркүйектің 23 - інде күн мен түн теңелетін күн. Мал баққан ел, «Сүмбіленің суы жүріп пе?» деген. Сол күні жаңбыр жауып өткен жердің көдесінің түбі көгеретін болғандықтан, қыс кезінде жылқыларды сол жерге тебіндеуге жаятын болған.
Қыркүйектің алғашқы күндері күн күркіресе, күз жылы, жауынсыз жылы болса, күз түсетінін, жидек өнімді болса, күз ылғалды, өнімсіз болса, құрғақ болатынын, күн райы құрғақ әрі жылы болса, қыстың кеш түсетінін болжауға болады.
Тағы бір есте болатын жағдай, бұл айда ағаш жапырақтары ерте түссе, қыс та ерте түспек, ал жапырақтар түгел түспесе, қысқы күн райы бір қалыпты, қайың мен емен жапырақтары тегіс түсіп қалатын болса, қыс қаһарлы болмақ. Қайың жапырақтары жоғарғы бұтақтардан бастап сарғайса, көктем ерте келіп, төменнен бастап сарғайса, кеш келетінін де білген жөн.
Көктеректің жапырақтары тегіс жазылса, қыс суық, ішкі беті жоғары қарай бүріссе, қыс жылы болатындығын, осы айтылғандардың орта деңгейінде болса, қыс қолайлығын көрсетеді. Айдың ортасында күн бұлыңғыр болса, күн жауын - шашынды, ал ашық болған болса, жайма - шуақ күн болады деп күтуге болады. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Айдың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар бес - он күндік жауын - шашынды амал, «Бес тоғыстың бет жуары» болады. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ,
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Ел ішіндегі есепшілер күн есептеудің, оның райын болжаудың дәстүрлі амал - тәсілдерін жақсы меңгерген. Олар жаз есебін күн мен түн теңелген жаңа
Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі
Құралайдың салқыны Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киіктің
Биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталады. Биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталады.
Қазақстанда биыл оқу жылының басы 2 қыркүйекте басталатын болды.
Күзгі жаңбыр Күзгі жаңбыр
Қоңырқай күздің аспаны Бүркенді бұлтты қап - қара. Нажағай ойнай бастады – Маңайда, алыс жақта да.
Тұнжыраған ояу бақ Тұнжыраған ояу бақ
Жапырақтар түсіп жатыр, Түсіп жатыр... Неліктен?! Айрылып бара жатыр ағаш біткен көріктен. Көргенсіз де, Жүгенсіз де, Күздің бұзық бораны,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×