ойын сауық отауы
Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі
28.04.2020 2 560 0 Admin

Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі

Бұл қызықты
Қазақ халқының ауа - райын болжау тәсілі

1. Өлара
 Ескі ай бітіп, жаңа ай туғанға дейінгі аралық. Аспанда ай көрінбейтін кез. Өларадағы ауа райы, туар айда қайталанады деген тәжірибе қалыптасқан. "Өларада» жауын - шашын болса, туар ай да жауынды - шашынды болады" дейді халқымыз. Бұл болжам əрқашан қатесіз келіп отырған.
2. Амал
 Жыл он екі айда айналып соғып тұратын ыстық пен суықты, қар мен жаңбырды, жел мен боранды халық бір сөзбен "Амал" деп атаған. Яғни жылдың əр мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарының өткінші əрі тосын, аз уақытта болып өтетін өзгерісі мен көрінісін және оның бірнеше түрлерін айтқан. Ұлттық сандық ұғымда жеті амал бар. Олар: 1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғымы.
3. Құсқанаты
 Наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе бастайды. Құстардың келуімен қар аралас жаңбыр, суық жел тұрады. Мұны ел "Құсқанаты" деп атап, амалға жатқызған.
4. Аласапыран
 Көктемде, наурыз айында, кейде сəуір айында қар күрт еріп, жер лайсаң болып, шаруашылыққа қиын күндер туады. Осындай жайсыз, қолайсыз мерзімді "Аласапыран" дейді.
5. Бесқонақ
 Жыл аяғында, яғни наурыз айының 17 - 21 күндері аралығында болатын жауынды - шашынды күндер. Бұл — əр жылы соғып өтетін суық əрі лайсаң мезгіл. Жұрт бесқонақтан қатты сақтанып, күтініп отырған.
6. Қызыр қамшысы
 Сəуір айының орта кезінен аса бере алғаш найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жер бусанады, оңтүстікте жаздың жайлы күндері басталады. Осы сәттердегі найзағайдың жарқылын халық: "Қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті" деп есептейді.
6. Тобылғы жарған
Сəуірдің соңғы күндерінде 2 - 3 күнге созылатын суық жел соғады. Бұл — тобылғы бүршік жарды, яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастады деген сөз.
7. Қызыл жұмыртқа
 Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала (су) құстары балапанын шығара бастайды. Ел аузында «Қызыл жұмыртқа» деп аталатын осы кездерде 1 - 2 күнге созылатын суық болады.
8. Құралайдың салқыны
 Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киіктің жаппай төлдеуі 2 - 3 күннен арыға созылмайды. Киіктің тағы бір айта кетерлік ерекше қасиеті — оның ешкісі кез келген құралайды емізіп, бауырына ала береді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмауы осыдан. Киік төлдеген уақытта, қасқырлар ет жемейді, осындай жаратылыс заңы бар.
9. Үркердің батуы
 Маусым айының басында Үркердің мүлде көрінбей кетуі. Кейде мұны «Үркердің жерге түсуі» дейді. Осыдан кейін 40 күн шілде басталады. "Үркер жерге түспей жер қызбайды" дейді халық жұлдызшылары мен есепшілері.
10. Қырық күн шілде
 Маусым, шілде айында 40 күнге созылатын ыстық. Осы аптапты күндерге орай халық арасында «Қырық күн шілде» деп аталатын санақтық атау пайда болған.
11. Үркердің толғағы
 Мал - жанға жайлы кезең, шілде айының орта кезінде басталады. Бұл кезде Үркер туады, жер құрғап, шөп буыны қатып, сарғая бастайды.
12. Таразының тууы
 Тамыз айының ортасында ауа - райы салқын тартады, қою бұлт пайда болып, алғашқы күз нышаны біліне бастайды. "Таразы туса - таң суыйды" деген мəтел осындайдан шыққан.
13. Мизам шуақ
 Қыркүйек айының екінші онкүндігінде салқын басталады, жаңбыр жауады, түнде шөп басына шық түседі. Осы кездерде күндіз шуақты күндер де болады. Далада ұзыннан - ұзақ мизамдар (өсімдік ұлпасынан болатын, сағым іспетті ақ сілбі) шұбатылады. Мұндай жылы мезгілдерді "Мизам шуақ" деп атайды.
14. Сүмбіленің тууы
 Сүмбіле жұлдызының көрінетін мезгілі. "Сүмбіле туса - су суыйды" дейді халық қағидасы, яғни қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді, салқын күндер, жауын басталады.
15. Қарашаның қайтуы
 Қараша айында құс жылы жаққа қайта бастайды. Бұл кезде алғашқы қар түседі, күн салқындайды.
16. Қырбастың қызылы
 Желтоқсанның басында болатын алғашқы аяз. Қазақстанның солтүстігінде қыс ерте түседі. Бұл кездерде қатты аязды суықтар болады.
17. Текенің бұрқағы
 Желтоқсанның соңғы онкүндігінде Қазақ даласында қатты боран соғады. Дəл осы кезде киік текесі маталады, яғни киік күйегі басталады. Бұл 2 - 3 күн ішінде толық аяқталады. Мамыр айының аяғында киіктердің лақтауы 2 - 3 күннен əріге созылмауы да осыдан.
18. Күннің тасуы
 Халықтың айтуында "Күн бой көтерді" дейтін уақыт қаңтардың алғашқы күніне сəйкес келеді. Бұл кезде де ауа - райы өзгереді, қар жауады немесе сырғыма жүреді.
19. Қыс шілдесі
 Қаңтардың соңғы күндерінде қыс күшіне енеді. "Тіфу" десе, түкірік жерге түспейтін сақылдаған сары аяз болады. Мұны Қазақтар "Қыс шілдесі" деп атаған.
20. Бөрі сырғақ
 Ақпан айының қысы да ақырып келеді. Ат құлағы көрінбейтін борандар осы айда күш алады. Ай аяғындағы сырғақ пен қатты боранды күндерде қасқырлардың ұйығуы басталады. «Сырғақ» деп бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршіктерін айтады. Көне көз қариялар бұл амалдың атауы осы бөріге байланысты екенін айтады.

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар: Мырза
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Айдың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар бес - он күндік жауын - шашынды амал, «Бес тоғыстың бет жуары» болады. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ,
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Ел ішіндегі есепшілер күн есептеудің, оның райын болжаудың дәстүрлі амал - тәсілдерін жақсы меңгерген. Олар жаз есебін күн мен түн теңелген жаңа
Ауа қысымының түрленуінен болып тұратын ауа ағымының құбылыстары Ауа қысымының түрленуінен болып тұратын ауа
Атмосфера қабатында қысымның бірқалыпты болмауынан неше түрлі ауа ағымдары болып тұрады. Оның бірі – кәдімгі жел
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді болжай аласың Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап,
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ: Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын
Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды
Ара ұясына кеш қайтқанмен, топталып жиналып, ұяға таласа қатты гуілдесе, жаңбырды күткені, ұяларынан ұзамастан төңіректеп ұшып жүретін болса, күн
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×