
Күзгі жаңбыр
Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі
Қоңырқай күздің аспаны
Бүркенді бұлтты қап - қара.
Нажағай ойнай бастады –
Маңайда, алыс жақта да.
Жасыл от көкте жарқылдап,
Жылата берді күз күнін...
Ауылға малшы жақындап,
Атының тартты тізгінін.
Қабағын түйіп тұрды адыр,
Жоғалтып күнді нұр жүзді.
Шелектеп құйған бұл жаңбыр
Үйіне жұртты кіргізді.
Толастар емес ал мұнда
Басталған жаңбыр бағана.
Маңдайын тосып жаңбырға,
Шопан дос жүр - ау далады.
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері
Қоңырқай күздің аспаны
Бүркенді бұлтты қап - қара.
Нажағай ойнай бастады –
Маңайда, алыс жақта да.
Жасыл от көкте жарқылдап,
Жылата берді күз күнін...
Ауылға малшы жақындап,
Атының тартты тізгінін.
Қабағын түйіп тұрды адыр,
Жоғалтып күнді нұр жүзді.
Шелектеп құйған бұл жаңбыр
Үйіне жұртты кіргізді.
Толастар емес ал мұнда
Басталған жаңбыр бағана.
Маңдайын тосып жаңбырға,
Шопан дос жүр - ау далады.
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба, Қатығыңды түндегі шайқадың ба. Құлшынасың толқындар алып қашып, Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.

«Жер жылыды, сен де жылы» дегендей, Күннің ыстық шұғыласына бөленбей, Қар астынан қылтияды бәйшешек, Тұрмақшы боп ешбір көзге еленбей.

Бақыттысың, қыран құс, Бақытыңда шек бар ма. Тағдырыңа айтасың ғой мың алғыс Аспан барда, көк барда.

Атам ұстап асау тайды, тізгіндеп, Әкеп берді, мінсін бала біздің деп. Қарғып міндім, қыр көрсетіп достарға, Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.

Күн жылына бастады, көктем келді, Ұнатамын бетімен өпкен желді. Шартылдайды найзағай көк аспанда, Салып жатыр қып - қызыл отпен белгі.

Ай қарады көгілдір көл бетіне, Қыз қарады көлдегі келбетіне. Қосылды да, қос сәуле құшақтасты, Мөлдір толқын төсінде тербетіле.