Сіз білесіз бе?
Бұл қызықты
Сіз білесіз бе?
1) Қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі — Күләш Байсейітова небәрі 24 жасында КСРО халық әртісін алған.
2) Талғат Бигелдинов соғыс уақытында, неміс көгіне қалықтаған тұңғыш ұшқыш.
3) Ілияс Есенберлин ең көп роман (17) жазған жазушы.
4) Асанәлі Әшімов - Атаманның ақыры фильміндегі бас кейіпкер Қасымхан Шадияровтың рөлін ойнаған. Бас кейіпкерді негізге ала отырып, төрт фильм түсірілген: "Атаманның ақыры" 1971, "Трансібір экспресі" 1977, " "Маньчжурлық нұсқа" 1989, "Сіз кімсіз, Ка мырза?" 2010 ж.
5) Дінмұхамед Қонаев пен Бауыржан Момышұлы бірде - бір рет кездеспеген. Бұл туралы Асқар Тоқпанов: Дүниенің өкініші көп қой, сол өкініштің бірі Д. А. Қонаев пен Бауыржан кездеспей өтті!
6) Бауыржан Момышұлының соғыста жазған 37 дәптер күнделігі бар. Бір сөзінде: Оларды қар жапалақтап, жаңбыр құйып тұрғанда, окопта отырып, жорықта кетіп бара жатып жаздым, — дейді. (Ақиқат пен аңыз кітабынан үзінді)
7) Ұлы Отан соғысы кезінде "Кеңес Одағының Батыры" атағын алған ең жас қазақстандық жауынгер — Жәнібек
Елеусізов. Ол небәрі 18 - де ғана еді.
8) Жазушы Әзілхан Нұршайықов өмірінің соңына дейін күнделік жүргізген. Ұзын - ырғасы 130 дәптер күнделік жазып қалдырған.
9) 1967 жылы Бауыржан Момышұлы туралы "Москва үшін шайқас" фильмі түсірілген. Басты рөлге Бауыржанның өзі ұсынылыпты. Алайда, сценарийді көрген Баукең, бас тартыпты.
10) «Вашингтондағы Дүниежүзілік авиация мұражайында әлемдік авиацияға еңбегі сіңген адамзаттың ең таңдаулы он азаматының аты - жөні мәңгілікке алтын әріптер мен құйылып жазылған. Әлемдік деңгейде әбден сүзгіден өткен бірегей сол тізімде қазақтың батыр тұлғалы баласы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің есімі үшінші болып тұр! Неткен мерейлі мақтаныш!»
Бұл айдарымыз өз жалғасын тапсын ба?
Дайындаған: Серікбаев Нұрсұлтан

Бауыржан Момышұлының ақ батасы!
Е, Жаратушы, Жасаған! Тілегімізді қабыл ет, Иманымызды кәміл ет. Тозақтағы оттан сақта, Қаңғыған оқтан сақта.
Нұржан Төлендиев & Бауыржан Тәңірберген - Қазағым
Күмбір - күмбір күй ойнатқан, қазағым - ай! Жыр тербеген жүректен жыр жазамын - ай! Дүбір - дүбір той тойлатқан думандатып, Таусылмасын кәдеге ақ
Ұлы Отан соғысы туралы тарихи 10 дерек
Ұлы Отан соғысының салдары түрлі статистика мен деректерге толы. Уақыт өте келе, жаңа деректер табылып, Жеңістің тарихи маңызы арта түсті.