ойын сауық отауы
Қайыршы туралы хикая
02.12.2021 1 459 0 Admin

Қайыршы туралы хикая

Бұл қызықты
Дәстүрлі дүниетаным
Хикая
Ертеде бір патша өмір сүріпті. Сол патшаның елін қайыршылар жайлапты. Осыған байланысты патша әмір етіпті:
«Кімде - кім қандайда бір қайыршыға бірдеңе беретін болса, қолын шабамын!» - депті.
Сол патшаның еліне жақын жол бойында бір саудагердің керуенін қарақшылар тонап кетіпті. Сөйтіп әлгі саудагер ауыл шетіндегі бір үйдің есігін қағыпты. Есікті бір әдемі қыз ашыпты.
«Қызым, бір үзім нан мен бір кесе су берші!» - депті саудагер.
Қыз болса патшаның жарлығы туралы айтыпты.
«Егер мен сізге бірдеңе берсем, қолымнан айрыламын»,- дегенінде.
«Мен қайыршы емеспін, саудагермін. Жолда қарақшылар керуенімді тонап кетті. 
Осы жерге 3 - 4 күнде әзер жеттім», - деп саудагер жағдайын айтады.
Қыз жаны ашып, Аллаға тәуекел етіп, бір кесе су мен екі күлше нан алып шығып беріпті. Бұл әңгіме дереу патшаның құлағына жетеді.
Мұны естіген патша ашуланып, жендеттеріне тез қызды тауып, екі қолын шауып тастауды бұйырыпты. Жендеттер қызды тауып, екі қолын шауып тастапты. Содан біраз уақыт өткен соң, патша ел аралап жүрсе, шеткі бір үйден өте мұңды әуен естіпті.
Патша әлгі үйге мән - жайды біліп келуге адамдарын жіберіпті. Патшаның жіберген адамдары онда бір өте әдемі қыздың барын айтып келіпті. Бірақ екі қолы жоқ екен депті.
«Жоғы қалай, қолсыз туылыпты ма?» - деп сұрапты патша.
«Жоқ, ол қыз бір қайыршыға тамақ беріп, сіздің әміріңізбен қолы шабылған екен» депті.
«Мұнша залым болмасам нетті?» - деп патша қапаланыпты.
Содан патша неде болса осы қызға үйленемін деп шешіпті. Ақыры патша қызға үйленіпті. Сонда да қыздың жүрегі жібімепті. Қыз патшадан ұлды болады. Бірақ қыз ол жерде тұрғысы келмей, бәрібір қашып кетемін деп жүріпті.
Сөйтіп бір күні түнде ұлын алып, сарайдан қашып шығыпты. Тау - тасты кезіп, ұзақ жол жүріп бір дарияға кез болыпты. Қатты шөлдеп су ішейін десе қолы жоқ, еңкейіп су ішуге ыңғайлана бергенінде баласы суға түсіп кетіп, аға жөнеледі.
Құтқаруға екі қолы жоқ, көкке қарап: «Я, Раббым, ұлымды құтқара гөр!» - деп, Аллаға жалбарынып, дұға жасапты. Мейірімі шексіз Алла сол мезетте екі періштені жаратыпты. Біреуі келіп дұға оқып, суды артқа қарай ағызып, ұлын құтқарыпты. Ал екінші періште:
«Қызым, қолыңды суға сал!» - депті. Қыз қолын суға салған екен, Алланың әмірімен екі қолы кесілген жерінен өсіп шығыпты. Алланың құдіретіне разы болған қыз көкке қарап дұға жасапты.
Сол кезде әлгі екі періште кері қарай кетіп бара жатыпты.
«Жақсы адамдар, сіздер кімсіздер, сіздер үшін қандай дұға жасап, қалай рахметімді айтарымды білмей тұрмын?» - деп қыз таңырқап тұрып қалыпты.
Сонда адам кейпіндегі екі періште: «Сен бізді танымадың ба, біз сенің садақаға берген екі күлше наныңбыз, садақа түрлі бәлені қайтарады»,- деп ғайып болыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жыланның ұстазға берген дәрісі Жыланның ұстазға берген дәрісі
Баяғы өткен заманда бір патша болыпты. Әлгі патша елінің барлық бақсы - балгерлерін жинап алып: «Мен бір түс көрдім. Алайда көрген түсімді ұмытып
Қанағат қарын тойдырады... Қанағат қарын тойдырады...
Бір елдің патшасы әдеттегідей таңертең серуенге шығады. Келе жатып жол үстінде отырған қайыршыға көзі түседі де, бір жақсылық жасайын деп шешеді.
Ақылды әйел... Ақылды әйел...
Ұзақ жылдар бойына қарамағындағы елін әділеттікпен басқарған патша қайтыс болған соң, патша тағына оның мұрагері баласы отырады.
Алланың пендесін жарылқауы Алланың пендесін жарылқауы
Ілгеріде бір патша үлкен кеселге шалыныпты. Тәуіп, балгер, емшілер ешқандай ем таппапты. Патшаның жүрегін бір тышқан кеміргендей ауырып тұратын
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар
Баяғыда Африкалық патшаның бірге өскен досы болыпты. Сол досы өмірде қандай жағдай болмасын мейлі ол жақсы оқиға болсын, келеңсіз оқиға болсын: -
Әйелдің тілін алу керек пе? Әйелдің тілін алу керек пе?
Парсылық патша Хусрау Паруаз (570 - 628) балық жеуді сүйеді екен. Бір күні әйелі Шырынмен мәжілісте отырады. Сол сәтте қолында сирек кездесетін үлкен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×