ойын сауық отауы
Толқынды көпір деген не?
11.12.2022 419 0 Admin

Толқынды көпір деген не?

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Толқынды көпір деген не?
«Хендерсон толқындары» деген атқа ие көпір Сингапурда. Бұл Фабер және Телок Бланга Хилл саябақтарын жалғап тұрған өкпір толқынға ұқсас. Сан түрлі жарықтардан нұр тарап, көз жауын алады. Көпірге адамдардың тынығуы үшін демалыс орындары да қоса салынған.
Әлемнің сегізінші кереметі қайда?
Ол Францияда. Бұл – Мон Сен - Мишель тауы. Шамамен диаметрі 1 шақырымдай, биіктігі 92 метр келетін гранитті түзіліс. Сырт қарағанда кіші көрінгенімен бұл көлемді әрі сәулетті қала - қамал 709 жылы салынған екен. Бір ерекшелігі: мұнда әрбір 25 сағат сайын су көтеріліп, қайтып отыруы орын алады. Бір түннің өзінде су 10 метрге дейін көтерілетін көрінеді. Жылына екі рет бұл жер кіші аралға айналады.
Байырғы керемет тас колонналар қайда?
Әлем кереметтерінің қатарынан орын алған, ешбір адам қолы тимей, техника жұмсалмай, жаратылыс құдіретімен жасалған табиғи түзіліс – алып тас колонналар – Солтүстік Ирландия жерінде.
Бұл колонналар осыдан 50 - 60 млн жыл бұрын, жанартаулық базальт лавасы жер бетіне шыққанда пайда болған. Лава суыған соң шытынап, жарылып, бір - біріне иық тірестіре жалғасқан, 40 мыңнан аса небір қалыптағы қырлы колонналарды құраған.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тамырдан тұрғызылған көпір қайда бар? Тамырдан тұрғызылған көпір қайда бар?
Ондай көпір Үндістанның Мегхалия штатында бар. Ондағылар көпір салмастан, қолдан өсіреді екен. Ол үшін сағызды фикус ағашын егіп, кейін сол ағаштың
Біліп жүр: қызғалдақтар отаны Голландия емес, Түркия Біліп жүр: қызғалдақтар отаны Голландия емес,
Онгаонга деген өсімдікпен жай ғана жанасып кеткен адам арада минут өтпестен - ақ, сал болып қалатын көрінеді.
Дүниедегі ең биік сағат, нан ағашы Дүниедегі ең биік сағат, нан ағашы
Сағат мұнарасы теңіз деңгейінен 400 метр биіктікте орналасқан жалпы биіктігі 601 метр болатын Мукаррамма сағаты Меккеде. Сағат тілі – 18, минут тілі
Дүниедегі ең биік тау Дүниедегі ең биік тау
Жер бетінің үштен бірін тау жыныстары алып жатыр. Гималай тауында биіктігі 8 шақырымнан асатын 11 шың бар екен. Ал, солардың ішінде жер үстіндегі ең
Шұғылалы шартарап: Париж қаласы Шұғылалы шартарап: Париж қаласы
Париж жайлы, қызықты ақпараттарды білетін боласыздар. Париждегі ең ескі көпір «Жаңа көпір» деп аталады.
Дүниедегі ең биік гимарат Дүниедегі ең биік гимарат
Ол Біріккен Араб Әмірлігінің – Дубайдағы 163 қабатты, биіктігі 828 метрлік Бурдж - Халифа ғимараты. Онан соң Меккедегі биіктігі 601 метр, 120 қабатты
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×