ойын сауық отауы
Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
27.04.2020 44 418 0 Дауыл

Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер
Ынтымақ, бірлік

Ырыс алды – ынтымақ

Бірлік болмай – тірлік болмас.

Ауылы бірдің – ауызы бір.

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

Тозған қазды
Топтанған қарға алады.

Ынтымақ түбі – бірлік.

Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.

Теңге тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.

Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.

Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.

Қырық кісі – бір жақ,
Қыңыр кісі – бір жақ.

Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.

Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.

Ынтымақ – бұзылмайтын қорған,
Қысылып еккен ағаш – орман.

Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.

Күш – бірлікте.

Саусақ бірікпей –
Ине ілікпейді.

Ауыл болса – қауым бол.

Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?

Біршілік болмай – тіршілік болмайды.

Ұйымдасқан ұтады.

Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды.

Қосылғанның – қолы ұзын,
Қос керуеннің – жолы ұзын.

Байлық байлық емес, бірлік – байлық.

Қол жұмылмай – жылынбайды.

Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.

Ынтымақтың арты игі.

Ынтымақсыз елді –
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді –
Дұрысы билейді.

Жұрт келгендей жиын болсын,
Жұмылған қолдай ұйым болсын.

Бір кісінікі – мақұл.
Екі кісінікі – ақыл.

Тірлік басқа болса да,
Тілек бір.
Бармақ басқа болса да,
Білек бір.

Итпен ит ырылдасса,
Тамағының тоқтығы.
Жігітпен жігіт ырылдасса
Ынтымағының жоқтығы.

Жері азған елде
Тоқшылық болмайды.
Ері ынтымақты елде
Жоқшылық болмайды.

Біреуге біреу сеп,
Тамға тіреу сеп.

Тату елдің тамағы таусылмайды.

Ұрыстың арты – реніш.
Татулықтың арты – кеніш.

Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле.

Біріккен бітіреді,
Ұйымдасқан ұтады.

Саусақ ашылса қырдырық,
Жұмылса – жұдырық

Кеңеспен шешкен шешімнің
Кемісі болмас.

Ынтымақ жүрген жерде –
Ырыс жүреді.

Әрі жат, бері жат –
Таршылықтың белгісі.
Сен же, мен же –
Баршылықтың белгісі.

Жас - жастың тілегі бір,
Ынтымақтың білегі бір.

Тірліктің күші – бірлікте.

Адамның күні адаммен.

Бар жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.

Дәулетіне қарай сәулеті.

Бірліксіз істе береке жоқ.

Бірлігі күшті ел азбайды,
Пішу кең көйлек тозбайды.

Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген – жер сыйы,
Алғыс деген – ел сыйы.

Бірлік еткен озар,
Бірлеспеген тозар.

Ынтымақ – ырыс қазығы,
Уәде – жанның азығы.

Береке көзі – бірлікте.

Қазақ және әлем халықтарының таңдамалы мақал - мәтелдері
Құрастырған
Өтебай Тұрманжанов

Ынтымақ - бірлік, татулық туралы Ынтымақ - бірлік, татулық туралы
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан
Аққу, шортан әм шаян - Спандияр Көбеев Аққу, шортан әм шаян - Спандияр Көбеев
Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз, Көп малдың, керегі не болса бақсыз, Таудайын талаптан да бақыт артық Болса да қара жаяу жалғыз атсыз.
Ақша туралы мақал - мәтелдер Ақша туралы мақал - мәтелдер
Ақша туралы мақал - мәтелдер. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
Ағайын, туыс туралы мақал - мәтелдер Ағайын, туыс туралы мақал - мәтелдер
Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар.
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс алды – ынтымақ Адам ұйымшыл, мал үйіршіл. Ажыраған бірін - бірі іздейді.
Ел-халық туралы мақал мәтелдер №1 Ел-халық туралы мақал мәтелдер №1
Көшпелі елді ақың болса, Көше-көше қасыңа келер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×