ойын сауық отауы
Ынтымақ - бірлік, татулық туралы
09.04.2019 4 245 0 Дауыл

Ынтымақ - бірлік, татулық туралы

Мақал-мәтелдер
Ынтымақ - бірлік, татулық туралы

Адамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге хайуаннан айырылады.
Әлихан Бөкейханов

Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт - махаббат жолына түсті!
Әлихан Бөкейханов

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.
Мұхтар Әуезов

Көршілестерім - рухани еншілестерім.
Мұзафар Әлімбаев

Табаны - бар да, бүрі - жоқ,
Зіркілі - бар да, зілі - жоқ.
Мұзафар Әлімбаев

Мақал - мәтел
Ырыс алды - ынтымақ.
***
Күннің көзі - ортақ, жақсының сөзі - артық.
***
Көппен көрген - ұлы той.
***
Өсер елдің баласы бірін - бірі батыр дер.
***
Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
***
Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.
***
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.
***
Ат сатсаң - ауылыңмен.
***
Жауға барсаң - бәрің бар, дауға барсаң - бірің бар.
***
Кемедегінің жаны бір.
***
Туысы бірдің - уысы бір.
***
Үш ағайынды жігіттің - отарында малы бар, екі ағайынды жігітің - қотанында талы бар, жалғыз - жарым жігіттің - шығар - шықпас жаны бар.
***
Ізеттінің інісі көп.
***
ЬІнтымақ қайда болса - ырыс сонда барамын депті.
***
Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсының аты - ортақ.
***
Ауыл болсаң - қауым бол: бірің - оған, бірің - бұған бол.
***
Бір кісі таққа отырса - қырық кісі атқа қонар.
***
Дегенде дүние шіркін өтер - кетер,
Түбіне сұм дүниенің кімдер жетер.
Қадір тұт, бір - біріңе құрмет көрсет,
Тірлікте сыйластыққа барма жетер.

Қара өлең
Жағаңа дұшпан қолы тимеске - артыңда туысқанның көбі игі.
Шалгиіз Тіленшеұлы

Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,
Бірлікті ойлау үшін тірлік керек.
Төле би Әлібекұлы

Бейбіт елде - сән бөлек, бүлінген елде - дау бөлек.
Төле би Әлібекұлы

Тауларды аласартпай - даланы биіктетейік.
Олжас Сүлейменов

Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Міржақып Дулатов

Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
Майқы би

Бірлік түбі - береке.
Майқы би

Би екеу болса - дау төртеу болады.
Майқы би

Алақанмен күннің көзін жаба алмайсың.
Құтып

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.
Білге қаған

Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп.
Күлтегін

Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.
Күлтегін

Халқын жұтатпаған қаған бақытты.
Күлтегін

Тату болса - ағайын жақын,
Адал болса - дос жақын.
Қазыбек Келдібекұлы

Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.
Қазыбек Келдібекұлы

Төрімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа - ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз!
Қазыбек Келдібекұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
Ынтымақ - бірлік, татулық туралы жүктеу

Аққу, шортан әм шаян - Спандияр Көбеев Аққу, шортан әм шаян - Спандияр Көбеев
Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз, Көп малдың, керегі не болса бақсыз, Таудайын талаптан да бақыт артық Болса да қара жаяу жалғыз атсыз.
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс алды – ынтымақ Адам ұйымшыл, мал үйіршіл. Ажыраған бірін - бірі іздейді.
Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
Қазақ және әлем халықтарының таңдамалы мақал - мәтелдері
Жұртыма Жұртыма
Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым, Табылса оңай олжа, ортақ жұртым. Сияқты қара қарға шуылдаған Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.
Жалғыздық туралы мақал мәтелдер Жалғыздық туралы мақал мәтелдер
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.
Ел-халық туралы мақал мәтелдер №2 Ел-халық туралы мақал мәтелдер №2
Елде болса ерінге тиеді, Ауылда болса, ауызға тиеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×