ойын сауық отауы
Тіл туралы мақал-мәтелдер
29.03.2017 31 728 0 Дауыл

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер
Тіл өнері мақал - мәтелдері

Өнер алды – қызыл тіл.

Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.

Шебердің қолы – ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Тіл – буынсыз,
Ой – түпсіз.

Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңнен айырар,
Иә, жау бетін бетін қайырар.

Алашағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.

Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.

Басқа пәле тілден.

Тіл – тиексіз.

Тіл ерді қабірге салады,
Нарды қазанға салады.

Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Ашуың келсе – қолың тарт,
Айтпас жерде – тілің тарт.

Піл көтермегенді
Тіл көтереді.

Жер астында жатқанды,
Қазбай қарап тіл табар.
Қойын - қойын сырыңды
Түбінде келіп шын табар.

Аш құлақтан –
Тыныш құлақ.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Аңдамай сөйлеген
Ауырмай өледі.

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.

Көп сөйлеген –
Көптен айрылар.

Көп сөз – күміс,
Аз сөз алтын.

Ақпа құлаққа айтқан сөз
Ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтқан сөзді
Құйып алады.

Өтірікшінің шын сөзі зая.

Қатты айсаң,
Қарындасыңа жақпайсың.
Ақырын айтсаң,
Ақың кетеді.

Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.

«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген бір сөз.

Шешеннің сөзі – мерген,
Шебердің көзі – мерген.

Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.

Қаһарлы сөз – қамал бұзар.

Олақтың сөзі –
Орынсыз жамау тәрізді.

Орынды айтылған сөз –
Орнына қағылған шеге сияқты.

Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле.

Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының наласын.
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.

Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.

Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.

Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар.

Шал,
Шалдың сөзі – бал.

Ұлы сөзде – ұят жоқ.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Жаным десе – жан семіреді.

Ауыз дарбаза,
Сөз самал,
Құдай ұрғанға не амал?!

Жүйелі сөз –
Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз –
Иесін табар.

Сөз жүйесін тапса –
Мал иесін табар.

Жүзден біреу – шешен.
Мыңнан біреу – көсем.

Бұралқы сөз – күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы – мінуге жақсы.

Сөз қуған – пәлеге жолығар.
Шаруа қуған – қазынаға жолығар.

Өзі – шынашақтай,
Сөзі – келсаптай.

Сөздің басы – бір пышақ,
Аяғы – бір құшақ.

Ауруда – шаншу жаман,
Сөзде – қаңқу жаман.

Сөз бергенге ерме,
Бөз бергенге ер.
Сөз – бейнет болар,
Бөз – көйлек болар.

Сөзіңді айт ұққанға
Айтып айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.

Кесірлі ауыздан
Кесапатты сөз шығар.

Ақындар қайда сөз сонда,
Сұлулар қайда наз сонда.

Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.

Айтар нақылы жоқтың,
Табар ақылы жоқ.

Су сағасы – бұлақ,
Сөз сағасы – құлақ.

Ішімдегінің бәрі – тілімде,
Тілімдегінің бәрі – түрімде.

Жылы киім – тәнді жылытар,
Жылы сөз – жанды жылытар.

Шайқап сөйлесе,
Алды - артыңды байқап сөйле.

Көп ішінде сөйлеген,
Көсемдіктің белгісі.
Көпке сөзі ұнаған,
Шешендіктің белгісі.

Қысыр сөзде қырсық көп.

Алмас қылыш майданда керек,
Асыл сөз майданда да керек,
Сайранда да керек.

Сөзіңді біреу сөйлесе,
Аузың қышып бара ма.

Әуелгі сөзің шын болса,
Соңғы сөзіңе жол болады.

Жыламасқа жылаған екі көзім,
Тыңдамасқа сөйлеген есіл сөзім.

Тауып сөйлесең – күміссің,
Таппай сөйлесең – мыссың.

Қарағым деген – жылы сөз
Тон болып тәнді жылытпаса да,
Жанды жылытады.

Жаман сөз жанға кірген тікен.

Әншейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.

Түйеге мінген қазақ,
Төрт ауыз өлең біледі.

Мағынасыз сөз болмайды,
Мақалсыз ел болмайды.

Сөзге мақал жарасар,
Иекке сақал жарасар.

Ми ойлағанды
Тіл тындырады.

Адамның өзі жетпеген жерге
Сөзі жетеді.

Орынсыз сөз орға жығады.

Сөз – сабан, іс – дән.

Жаман сөз –
Жанға кірген тікен,
Жақсы сөз –
Таптырмайтын ем.

Қызыл тілден, ашынғанда у тамар,
Басылғанда бал тамар.

Жүйелі сөз – киелі.

Санасызға айтқан сөз –
Тасқа тамған тамшыдай.
Саналыға айтқан сөз –
Қолға ұстатқан қамшыдай.

Өзі өтірікші
Өзгенің шын сөзіне сенбейді.

Ақынның тілі қылыштан өткір,
Қылдан нәзік.

Жақтырмаған
Жүре сөйлейді.
Жарамсақтанған
Күле сөйлейді.

Қол жүйрігі – етке,
Тіл жүйрігі – бетке.

Сөйлеген – себеді,
Тыңдаған – орады.

Сылбыр сөзін – сүйретіп айтады,
Содыр сөзін – күйретіп айтады,
Сыпайы сөзін – ширатып айтады.

Көре - көре көсем болады
Сөйлей - сөйлей шешен болады.

Жері жуалының
Сөзі дуалы.

Шын – бір сөз,
Өтірік – мың сөз.

Жолыңа жуа бітсін.
Сөзіңе дуа бітсін.

Шынай сөз, не күйінгенде шығады,
Не сүйінгенде шығады.

Ат тұяғы – алтын,
Алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын,
Алысты сұрап табатын.

Тентек отты тебем деп,
Аяғын күйдіреді.
Ділмәр шындықты жеңем деп,
Тілін күйдіреді.

Сөз қадірін білмеген
Өз қадірін білмейді.

Адам тілінен,
Ая аяғынан жазады.

Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал - мәтелдер Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал - мәтелдер
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Мақал - мәтел: Тіл туралы Мақал - мәтел: Тіл туралы
Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер
Арбадан үркіп жаман ат ер салдырмас жал бітсе. Қасына қоңсы қондырмас қас жаманға әл бітсе (Есет би).
Күйеу туралы мақал - мәтелдер Күйеу туралы мақал - мәтелдер
Күйеу туралы мақал - мәтелдер Күйеу жүз жылдық Жаман күйеу қайынсақ. Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.
Тіл туралы мақал - мәтелдер Тіл туралы мақал - мәтелдер
Тіл туралы мақал - мәтелдер Тіл - ақылдың өлшемі Адам тілі тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Тіл өнері мақал – мәтелдері №2 Тіл өнері мақал – мәтелдері №2
Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да – тіл.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×