ойын сауық отауы
Қанатты сөздер: Қорқыт ата
18.08.2018 3 805 0 Дауыл

Қанатты сөздер: Қорқыт ата

Мақал-мәтелдер
Қанатты сөздер: Қорқыт ата
Нақыл сөздер.
Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе
Ұл жарлықап ас бермес - әке үлгісін көрмесе

Адам өмірі - қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбилеген ұтады екен.

Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.

Өлгендер қайтып келмейді,
Шыққан жан қайтып енбейді.

Қанша қалың жауғанмен,
Қар көктемде қалмайды.
Гүл жайнаған қалың да,
Қара күзге қалмайды.

Құстың қонар жерін су білер,
Малдың барар жерін ну білер.

Топырақ тау болмайды.

Ескі киімнің биті ащы,
Жетім баланың тілі ащы.

Көк шүйгінін киік білер.

Бас аман болса бөрік табылады.

Дәулетті ұл – ошақтың қоры,
Дәулетсіз ұл – атаның соры.

Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,
Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.

Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық жей алмайсың.

Тебегеннің таңын сүзеген айырады.

Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі.

Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда,
Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.

Көп қорқытады, терең батырады.

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.

Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» демес.

Тәкәппарлықты тәңірі де сүймес.

Қара есектің басына жүген таққанмен - тұлпар болмас.
Күңге сары пәй шапан жапқанмен - бәйбіше болмас.

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
Атадан өнеге алмаған ұл жаман.

Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

Өтірік сөз - өрге баспайды

Өмір туралы қанатты сөздер Өмір туралы қанатты сөздер
Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
Тыйым сөздер мағынасымен Тыйым сөздер мағынасымен
Босағада тұрмау. - Қазақта жаманшылыққа жорыған, жетім балаға тән әрекет.
Қанатты сөздер: Мұхтар Әуезов Қанатты сөздер: Мұхтар Әуезов
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.
Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер
Қанатты сөздер. Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. (Ахмет Байтұрсынұлы)
Тіл, сөз өнері туралы қанатты сөздер Тіл, сөз өнері туралы қанатты сөздер
Тіл өнері – дертпен тең. (Абай) Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені. (Сәбит Мұқанов)
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×