ойын сауық отауы
Араб мақал-мәтелдерінен
28.07.2015 6 220 0 Admin

Араб мақал-мәтелдерінен

Мақал-мәтелдер
Араб мақал-мәтелдерінен
Көзден көңіл бұрын көреді.

Жаба алмайтын есігіңді ашпа.

Дұшпанның алдына аш барсаң да,
Жалаңаш барма.

Әркім өз Ләйлісін әнге қосады.

Жолға шықсаң, жолдасыңды сайла.

Ұлыңды өзің жөнге салмасаң,
Өмір тезге салады.

Солқылдақ тақтай сынбайды.

Құтырған иттің күшігін асырама.

Әлсіздің қаруы – арызы.

Әр бастың ауруы әр басқа.

Аталы сөз айтпастың аузы жабылмас.

Төбетке күнің түссе, туысым дерсің.

Мақал – сөздің мәйегі

Ақылдан айрылғанша, аяқтан айрылған артық.

Періште бол келіп, пері қусап қайтты.

Тіл – жүректің тілмәші.

Жарлы – жарты әлемді алып жатыр.

Жалдамалы әскер жанын сала соғыспайды.

Кереңді мылқау ұғады.

Қолы жоқта найза не керек?

Алтын арқалаған атаның да жейтіні – ала бота.

Бұқа тұмсығын мүйізімен қорғайды.

Қуаныштың күні қысқа.

Бала – жасында жұт, өскен соң құт.

Қорықсаң – айтпа,
Айтсаң – қайтпа.

Төс болсаң төзіп бақ,
Балға болсаң соғып бақ.

Керемет қып айта алмасаң, келістіріп көрсете біл.

Жақсылық тілеген де бір, жарылқаған да бір.

Шапшақ жауап бергің келсе, асықпай сөйле.

Аласа дуалға әркім-ақ шығады.

Көп көрге кемеңгерден де артық.

Жалаңаштық жамаушылыққа үйретеді.

Қызылдың бәрі шай емес,
Сарының бәрі май емес.

Мұқтаждық – мың өнердің анасы.

Аяқ адамның тілеген жеріне ғана барады.

Ақылды ұры ауылын ұрламайды.

Үйінде не бары иесіне мәлім.

Екі дос иненің жасуындай жерге де сияды.

Қос барма қолдың сынын кетірер.

Ыстық су бір кезде салқын болғанын ұмытпайды.

Жаныңда айың отырса,
Жұлдызды іздеп қайтесің?!

Әкеңнен мұра қалмаса,
Ағаға сену – далбаса.

Қонақ қонақ дейсің,
Қолындағы найзасы несі!?

Жұт жыл жиырма айға созылады.

Қажыға қатыныңды көрсетпе.

Көр соқыр куә бола алмайды.

Досыңның қасынан да сақтан,
Қасыңның досынан да сақтан.

Отан өз ұлын ұмытпайды.

Сүзгісі келген мүйізін жасырмас.

Кезінде кешірген – кең пейіл.

Өкімет найзасы ұзын.

Өрілген бұрым ұйыспайды.

Адал – алаңсыз ұйықтайды.

Ақымаққа бейнетті алланың өзі жібереді.

Дәулеттен даңқ артық.

Адамның сөзі – ақылының таразасы.

Шұғылалы таңға шырағдан неме керек?!

Кесені өзі ұстай алмағанның шөлі қанбас.

Есесі қайтпас еңбек жоқ.

Нарың жүгін көтерем дедің бе – налыма.

Шапқылағанның бәрі шабандоз емес.

Шала піскен қарбыздың шопағы көп.

Астық шықпаған жылы ашытқы да ұмыт.

Есіргісі келген есепсіз ішеді.

Толып жүрген жер беті –
Тоғыз айдың перзенті.

Ұзын тілдің ойы шолақ.

Ауыл туралы мақал - мәтелдер Ауыл туралы мақал - мәтелдер
Ауыл аймағымен, бота тайлағымен.
Жол туралы мақал - мәтелдер Жол туралы мақал - мәтелдер
Жол туралы мақал - мәтелдер Жолға шыққан жолдан табылар Айналыс та болса жол жақсы, Ақсақ та болса қыз жақсы.
Көптік туралы мақал - мәтелдер Көптік туралы мақал - мәтелдер
Көптік туралы мақал - мәтелдер Көп қайда болса шындық сонда Басыңа іс түссе бекке барма, көпке бар: Бек беліңді сындырады, көп ісіңді тындырады.
Мақал - мәтелдер Мақал - мәтелдер
Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – адам заманнан қорланып, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл - көсір фольклоры бар
Азербайжан мақал – мәтелдерінен Азербайжан мақал – мәтелдерінен
Азербайжан мақал – мәтелдерінен Халықты үйрет пе, Халықтан үйрен.
Абхаз мақал-мәтелдерінен Абхаз мақал-мәтелдерінен
Абхаз мақал-мәтелдерінен Кезінде егілген кезінде көктейді. Таздан тарақ сұрама.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×