ойын сауық отауы
Білектей арқасында өрген бұрым
02.04.2016 4 830 0 Дауыл

Білектей арқасында өрген бұрым

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен - саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей - ақ.

Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт -
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.
Қызарып, сұрланып Қызарып, сұрланып
Қызарып, сұрланып, Лүпілдеп жүрегі. Өзгеден ұрланып, Өзді - өзі керегі.
Қара қатынға Қара қатынға
Қара қатын дегенге, қара қатын, Үзіп - жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шарағатын1.
Жігіт сөзі Жігіт сөзі
Айттым сәлем, қалам қас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас.
Ауру жүрек ақырын соғады жай Ауру жүрек ақырын соғады жай
Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай. Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×