ойын сауық отауы
Болды да партия
02.04.2016 2 111 0 Дауыл

Болды да партия

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Болды да партия,
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя,
Дауың мен шарынды.

Құрбыдай хош тұттым
Жасың мен кәрінді.
Жоқтамай, ұмыттым,
Ақыл мен нәріңді.

Ортаға көп салдым
Өзімде барымды.
Япырым - ау, неңді алдым,
Сау қоймай арымды?

Ойымнан ой бөліп,
Қозғадың тамырды.
Көңілге тік келіп,
Кетірдің сабырды.

Ойым да ақ, жарым да ақ,
Кеңімді, тарымды
Қарасам пайымдап,
Сөзің сол сарынды.

Өсекке салмаңдар
Ойымды, жарымды.
Өлшеуге алмаңдар,
Ойым бек тарылды.

Ұрыңнан асырдың
Сұм тілді қарынды.
Жасырдым, жасырдым,
Енді айттым зарымды.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Онегиннің өлердегі сөзі Онегиннің өлердегі сөзі
Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп.
Қуаты оттай бұрқырап Қуаты оттай бұрқырап
Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырқырап, Көк бұлттан үзілген.
Ойға түстім, толғандым Ойға түстім, толғандым
Ойға түстім, толғандым, Өз мінімді қолға алдым. Мінезіме көз салдым, Тексеруге ойландым.
Мен сәлем жазамын Мен сәлем жазамын
Мен сәлем жазамын, Қарағым қалқама. Қайғыңнан азамын, Барушы айта ма?
Жалын мен оттан жаралып Жалын мен оттан жаралып
Жалын мен оттан жаралып, Жарқылдап Рағит жайды айдар. Жаңбыры жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайнар.
Буынсыз тілің Буынсыз тілің
Буынсыз тілің, Буулы сөзің Әсерлі адам ұғылына. Кісінің сөзін ұққыш - ақ өзің, Қисығын түзеп тұғырыға.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×