ойын сауық отауы
Жалын мен оттан жаралып
03.04.2016 3 308 0 Дауыл

Жалын мен оттан жаралып

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Жалын мен оттан жаралып,
Жарқылдап Рағит жайды айдар.
Жаңбыры жерге таралып,
Жасарып шығып гүл жайнар.

Жайына біреу келсе кез,
Белгілі жұмыс, сор қайнар.
Қуаты күшті нұрлы сөз,
Қуатын білген абайлар.

Жалын мен оттан жаралған
Сөзді ұғатын қайсың бар?
Партия жиып пара алған,
Пейілі кедей байсыңдар.
Қулық пенен құбылдан
Жалықсаң, жақсы жансыңдар.
Түзелмесе шұғылдан,
Арсылдар да қалшылдар.
Несі өмір,
Несі жұрт?
Өңшең қырт,
Бас қаңғырт!
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Ғашықтық іздеп тантыма Ғашықтық іздеп тантыма
Ғашықтық іздеп тантыма Аз күн әуре несі іс? Өзіңнің қара артыңа, Өткен өмір бейне түс.
Жалау Жалау
Жалғыз жалау жалтылдап Тұманды теңіз өрінде. Жат жерде жүр не тындап? Несі бар туған жерінде?
Бақа мен өгіз Бақа мен өгіз
Қарасаң, тым - ақ көп Көре алмас іші тар. Несі артық, бізден деп, Салыспақ жұрт та бар.
Қуаты оттай бұрқырап Қуаты оттай бұрқырап
Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырқырап, Көк бұлттан үзілген.
Күйісбайға Күйісбайға
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, Алдамшы атанғанның несі пайда?
Дүтбайға Дүтбайға
Жылуы жоқ бойының, Жылмиғаны неткені? Құбылуы ойының — Кетпей құйтың еткені.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×