ойын сауық отауы
Бойы бұлғаң
04.07.2016 13 033 0 Дауыл

Бойы бұлғаң

Өлеңдер
Абай Құнанбайұлы өлеңі

Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма - жан.
Өз ойында
Тұл бойында
Еш міні жоқ бендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп.
Бас құрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер.
Адам аулап,
Сыпыра саулап,
Байды жаулап жетісер.
Сөз қыдыртқан,
Жұрт құтыртқан,
Антын, арын саудалап,
Бұтты - шатты,
Үй санатты,
Байдан атты алмалап.
Кедейі — ер,
Кеселі зор,
Малды байдан сорлы жоқ.
Аш көмектің,
Жемдемектің,
Босқа әлектің орны жоқ.
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гуде-гу.
Байы — баспақ,
Биі саспақ,
Әулекі аспақ сыпыра қу.
Ақы берген,
Айтса көнген
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан,
Ақыл айтқан бенде жоқ.
Әз тұтуға,
Сыйласуға
Қалмады жан бір татыр.
Сыпыра батыр,
Пәле шақыр.
Болдың ақыр тап - тақыр.
Су жұғар ма,
Сөз ұғар ма
Сыпыра жылмаң жел буаз?
Айтты — көндім,
Алды — бердім,
Енді өкіндім — өзіме аз.

Өзіңізге ұнаған ақынның өлеңін сайтқа жариялауға болады. Пікір қалдыру жолына қалдырыңыз!

Ақыл - Сәбит Дөнентаев Ақыл - Сәбит Дөнентаев
Мен сені жандай жақсы көрдім, ақыл, Сонан соң, іздей, сұрай бердім ақыр. «Менде бар, менде бар» деп әр біреулер, Жан біткен саған толық болып жатыр.
Татьяна сөзі Татьяна сөзі
Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең.
Ем таба алмай Ем таба алмай
Ем таба алмай, От жалындай, Толды қайғы кеудеге. Сырласа алмай, Сөз аша алмай Пендеге.
Ғылым таппай мақтанба, Ғылым таппай мақтанба,
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрседен асық бол.
Адамның кейбір кездері Адамның кейбір кездері
Адамның кейбір кездері. Көңілде алаң басылса; Тәңірінің берген өнері Көк бұлттан ашылса;
Даргин мақал-мәтелдерінен Даргин мақал-мәтелдерінен
Мыңғырған мал – меңдеген дерт. Сыпыра мақтаса, сыпырғышты да бай алады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×