ойын сауық отауы
Жастықтың оты жалындап
03.04.2016 3 544 0 Дауыл

Жастықтың оты жалындап

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ.

Уайым аз, үміт көп,
Ет ауырмас бейнетке.
Бүгін - ертең жетем деп,
Көңілге алған дәулетке.

Қайратпен кіріп жалынбай,
Ақылмен тауып айласын.
"Мен қалайға?" салынбай,
Жылы жүзбен жайнасын.

Қайратқа сеніп қақтықпай,
Жазасын тауып жауласар.
Қатынша тілмен шаптықпай,
Майданға шықса жарасар.

Жалыны қайтар дененің,
Үнемі тұрмас осы шақ.
Талайғы кәрі дүниенің
Бір кетігін ұстап бақ.

Құйрығы шаян, беті адам,
Байқамай сенбе құрбыға!
Жылмаңы сыртта, іші арам,
Кез болар қайда сорлыға.

Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол.
Асығыс түбі – өкініш,
Ойланып алмақ – сабыр сол.

Ақ көңілді жақсыдан
Аянбай салыс ортаға.
Ақылы, ары тапшыдан
Қу сөзін алма қолқаға.

Сұм - сұрқия, қу заман
Гүл көрінер жігітке.
Қызықты өмір жайнаған,
Кеудесі толып үмітке.

Бір нәрсені ұнатса,
Қайта ойланып қарамас.
Мақтатып жұртты шулатса,
Құмары сол қызба бас.

Сенісерге келгенде,
Сене берер талғамай.
Жұрты құрғыр сенгішке
Тұра ма қулық жалғамай?

Ары кеткен алдағыш,
Мені - ақ алда, сөкпейін.
Балы тамған жас қамыс
Ормасаңшы көктейін!

Сені жақсы көрмесе,
Сенер ме еді сөзіңе?
"Япырмай!.." деп терлесе,
Ар емес пе өзіңе?
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Үш нәрсені ешқашан жоғалтпа – үміт, сабыр және намыс... Үш нәрсені ешқашан жоғалтпа – үміт, сабыр және
Үш нәрсені ешқашан жоғалтпа – үміт, сабыр және намыс.
Достық, жолдастық туралы мақал - мәтелдер Достық, жолдастық туралы мақал - мәтелдер
Дос — ажарың, жолдас — базарың. Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
Достық туралы мақал – мәтелдер №2 Достық туралы мақал – мәтелдер №2
Сырты жылтыр, іші бос, Қуыршақпен болма дос!
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы, Теңіздің түбіндей - ақ қарап бақшы. Сол жүректен жылылық, достық пенен Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.
Әсемпаз болма әрнеге Әсемпаз болма әрнеге
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан!
Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан
«Кебін киген өледі, Кебенек киген келеді», Майданға көкең кеткенде, Осылай бәрі деп еді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×