ойын сауық отауы
Көк тұман — алдыңдағы келер заман
04.04.2016 4 278 0 Дауыл

Көк тұман — алдыңдағы келер заман

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Көк тұман — алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.

Ол күндер — өткен күнмен бәрі бір бәс,
Келер, кетер, артына із қалдырмас.
Соның бірі — арнаулы таусыншақ күн,
Арғысын бір - ақ алла біледі рас.

Ақыл мен жан — мен өзім, тән — менікі,
"Мені" мен "менікінің" мағынасы — екі.
"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
"Менікі" өлсе өлсін, оған бекі.

Шырақтар, ынталарың "менікінде",
Тән құмарын іздейсің күні - түнде.
Әділеттік, арлылық, махаббат пен —
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.

Малға сат, пайдаға сат қылығыңды,
Ылайла ылай оймен тұнығыңды, —
Сонда өмірден алдамшы бола алмассың,
Ол білдірмей ұрламақ қызығыңды.

Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда, ойла, болады не сенікі?

Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін,
Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.
Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған,
Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.

Көптің бәрін көп деме, көп те бөлек,
Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек.
Ғадәләт пен мархамат — көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек

Әркімнің мақсаты өз керегінде,
Біле алмадым пысығын, зерегін де.
Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,
Хақиқат та, дін дағы тереңінде.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Есек пен қасқыр ғибратты әңгіме Есек пен қасқыр ғибратты әңгіме
Бір күні есек пен қасқыр бір шөптің түсіне бола айтысып қалады. Есек шөптің түсін сары десе, қасқыр жасыл дейді. Екеуі біраз пікір таласып ымыраға
Бауырлар Бауырлар
Менің жерім мына жер - сенің жерің, Жарасып тұр сол жерге келулерің. Осы алқапта сенің де малың жатыр, Жайқалып тұр шабылмай егіндерің.
Әйел - сенің ақылшың Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн - ау бір.
Менің ғасырым Менің ғасырым
Кірпікке кір жуытпай, құндақтаған. Мына өмір, мына дәуір қымбат маған. Бұл ғасыр, сірә, менің жүрегім - ау, Тынысын қыбыр етпей тыңдап бағам.
Барлығы да менікі Барлығы да менікі
Барлығы да менікі: Мына дәуір, мына өмір, Мынау аспан, мына күн. Мына мұхит, мына жер - Мына менің тұрағым.
Абай Құнанбаевтың өлеңі. Заман ақыр жастары Абай Құнанбаевтың өлеңі. Заман ақыр жастары
Заман ақыр жастары, Қосылмас ешбір бастары. Біріне бірі қастыққа Қойнына тыққан тастары.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×