ойын сауық отауы
Тайға міндік
05.04.2016 3 956 0 Дауыл

Тайға міндік

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.
Үкі тақтық,
Күлкі бақтық,
Жоқ немеге сүйініп.
Күйкентай күтті,
Құс етті,
Не бітті?

Атамыз бар,
Молдамыз бар,
Айтқанына көнбедік.
Арт жағында,
Біз соған зар,
Боламыз деп білмедік.
Ұрланып қаштық,
Жолғастық,
Шуластық.

Жазу жаздық,
Хат таныдық,
Болдық азат молдадан.
Шала оқудан,
Не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан?
Бағасыз жастық —
Бозбастық,
Адастық.

Бозбалалық —
Қыз қарадық,
Қалжың, әзіл сөйлестік.
Ат жараттық,
Сән тараттық,
Әуейілік күйлестік.
Көңілге келер,
Кім жолар,
Кім көнер?

Қайын бардық,
Қатын алдық,
Енші тиді азғана.
Шаруа атандық,
Енді ойландық,
Қала берді бозбала.
Бұрынғы қайда?
Ойбайла —
Не пайда?
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Шегіртке мен құмырсқа Шегіртке мен құмырсқа
Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған.
Қызарып, сұрланып Қызарып, сұрланып
Қызарып, сұрланып, Лүпілдеп жүрегі. Өзгеден ұрланып, Өзді - өзі керегі.
Қара қатынға Қара қатынға
Қара қатын дегенге, қара қатын, Үзіп - жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шарағатын1.
Мен сәлем жазамын Мен сәлем жазамын
Мен сәлем жазамын, Қарағым қалқама. Қайғыңнан азамын, Барушы айта ма?
Ата - анаға көз қуаныш Ата - анаға көз қуаныш
Ата - анаға көз қуаныш – Алдына алған еркесі. Көкірегіне көп жұбаныш, Гүлденіп ой өлкесі.
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық, Қартаймастай көрмелік, ойланалық. Жастықта көкірек қор, уайым жоқ, Дейміз де ешнәрседен қорғаналық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×