ойын сауық отауы
Ата - анаға көз қуаныш
10.09.2023 7 530 0 Дауыл

Ата - анаға көз қуаныш

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Ата - анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ер жетті,
Не бітті?

Оқытарсың молдаға оны,
Үйретерсің әр нені.
Медеу етіп ойы соны,
Жаны тыныштық көрмеді.
Жасында күтті,
Дәме етті,
Босқа өтті.

Ата көңіл жанбаса бір,
Артық өнер шықпаса.
Ел танымай, үй танып құр,
Шаруасын да ұқпаса –
Үміті қайда?
Соны ойла,
Абайла!

Сүйер ұлың болса, сен сүй,
Сүйінерге жарар ол.
Сүйкімі жоқ құр масыл би
Сүйретіліп өтер сол.
Табылмас қайла,
Ойбайла –
Не пайда?

Зарланарсың, ойланарсың,
Не болам деп енді мен.
Құрбылардан қорланарсың,
Тәңірі ісіне сен де көн.
Қайғысыз пенде,
Көрдің бе,
Өміріңде?

Тәңірі сорлы етсе пенде,
Не бітірер құр жылап.
Жігері жоқ ақылы кенде,
Жамбасыңнан жат сұлап.
Бір жаман мен бе,
Дедің бе,
Көңіліңде?

Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Хан тәңірі Хан тәңірі
Хан тәңірі – қарт Тянь - Шаньнің жүрегі... Хан тәңірі – көк аспанның тірегі... Хан тәңірі – көп жасаған қария, – Хан тәңірі – жер жүзіне жария.
Онегиннің Татьянаға жауабы Онегиннің Татьянаға жауабы
Таңғажайып бұл қалай хат, Мағынасы – алыс, өзі жас? Сөзі орамды, әр түрі жат, Және әдепті, және рас.
Онегиннің Татьянаға жазған хаты Онегиннің Татьянаға жазған хаты
Құп білемін, сізге жақпас Ескі жара білтелеу. Ақ жүрегің енді ұнатпас, Мезгілі жоқ қай медеу?
Тайға міндік Тайға міндік
Тайға міндік, Тойға шаптық, Жақсы киім киініп. Үкі тақтық, Күлкі бақтық, Жоқ немеге сүйініп.
Бай сейілді Бай сейілді
Бай сейілді, Бір пейілді Елде жақсы қалмады. Елдегі еркек, Босқа селтек Қағып, елін қармады.
Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің
Жүрегім, нені сезесің, Сенен басқа жан жоқ па? Дүниені, көңілім, кезесің, Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×