ойын сауық отауы
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық
17.05.2016 2 484 0 Дауыл

Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық,
Қартаймастай көрмелік, ойланалық.
Жастықта көкірек қор, уайым жоқ,
Дейміз де ешнәрседен қорғаналық.

Бар ойы – өлең айтып, ән салалық,
Біреуді қалжың қылып қолға алалық.
Қызды ауылға қырындап үйір болса –
Көңліне қор қуаныш, бір бадалық.

Демеңдер өнбес іске жабаналық,
Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық.
Қызды сүйсең, бірді-ақ сүй, таңдап тауып,
Көрсе қызар, күнде асық дианалық.

Жастықта бір күлгеннің бір қаралық,
Күлкі баққан бір көрер бишаралық.
Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе,
Ең болмаса, еңбекпен мал табалық.

Той болса, тон киелік, жүр баралық,
Бірімізді біріміз аударалық.
Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер,
Күлкіні онша күйлеп, шуламалық.

Уайым – ер қорғаны, есі барлық,
Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.
«Еһе-еһеге» елірме, бозбалалар,
Бұл – бес күндік бір майдан ер сынарлық.

Салынба, қылсаң-дағы сан құмарлық,
Алдында уайым көп шошынарлық:
Жарлылық, жалынышты жалтаң көздік,
Сүйкімді киімі жоқ шалдуарлық.

Әсем салдық, өлгенше кім қыларлық,
Оған да мезгіл болар тоқтатарлық.
Ұрлық қылар тентіреп тамақ асырар,
Болмаған соң жұмыс қып мал табарлық.

Басында әке айтпаса, ақыл жарлық,
Ағайын табылмаса, ой саларлық.
Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен,
Түбінде тарқызбай ма ол бір зарлық?

Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуардық.
Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп
Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардық.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі
Жас дәурен – гүл жазира, қайран жазым, Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын. Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра, Жігіттің тебірентесің өнерпазын.
Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2 Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2
Қатыны өлген Қызды ауылға қарап жылайды.
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы.
Тайға міндік Тайға міндік
Тайға міндік, Тойға шаптық, Жақсы киім киініп. Үкі тақтық, Күлкі бақтық, Жоқ немеге сүйініп.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері №1 Абай Құнанбаевтың өлеңдері №1
Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәріден белін буған. Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңды ұрайын бірге туған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×