ойын сауық отауы
Ұяламын дегені көңіл үшін
06.04.2016 5 469 0 Дауыл

Ұяламын дегені көңіл үшін

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Ұяламын дегені көңіл үшін,
Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін.
Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ,
Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін.

Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,
Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар.
Ар мен ұят ойланбай, тән асырап,
Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар.

Туысқаның, достарың — бәрі екіұшты,
Сол себепті досыңнан дүшпан күшті.
Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған,
Бұл не деген заманға ісім түсті?!

Өзің үлкен, қылығың — бала - шаға,
Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.
Әкесі ұрысса балаға, ол да — достық,
Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Ал, сенейін, сенейін Ал, сенейін, сенейін
Ал, сенейін, сенейін, Айтқаныңа көнейін. Шалма ораған сопының Ішін арам демейін.
Қуанбаңдар жастыққа Қуанбаңдар жастыққа
Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі, мастыққа. Көзің қайдан жетеді Достық пенен қастыққа?
Тоты құс түсті көбелек Тоты құс түсті көбелек
Тоты құс түсті көбелек Жаз сайларда гулемек. Бәйшешек солмақ, күйремек, Көбелек өлмек, сиремек.
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас, Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. Жүректен қызу - қызба кете қалса, Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.
Алла деген сөз жеңіл Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес.
Сабырсыз, арсыз, еріншек, Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көрсе қызар, жалмауыз, Сорлы қазақ сол үшін, Алты бақан ала-ауыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×