ойын сауық отауы
Ал, сенейін, сенейін
07.04.2016 3 635 0 Дауыл

Ал, сенейін, сенейін

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Ал, сенейін, сенейін
(М. Ю. Лермонтовтан)

Ал, сенейін, сенейін,
Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.
Ақ көңілді әділ жан
Табылар деп көрейін.
Я сүйсе, я күлсе,
Елжірейін, төнейін.

Жаралы көңіл жазылар,
Дүниеде рахат бар шығар.
Жақсы адам деген құры сөз
Емес шығар, табылар.
Өткен өмір, көрген түс
Не қылғанда бір болар.

Деп нанып ем "маған нан",
Не таптым мен нанғаннан?
Жүрегімді қан қылды,
Өткен өмір, өлген жан.
Ақыл іздеп, ізерлеп,
Бәрін сынап сандалған.
Бірін таппай солардың,
Енді ішіме ой салған.

Тұла бойды улатты,
Бәрі алдағыш сұм жалған.
Басыңа тиді, байқадың,
Бәрінен басты шайқадың.
Тағы бар ма айтарың?
Нанғыш болсаң, енді нан!
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Әм жабықтым, әм жалықтым Әм жабықтым, әм жалықтым
Әм жабықтым, әм жалықтым, Сүйеу болар қай жігіт, Көңілден кеткен соң тыным? Әм сүйіндім, әм түңілдім,
Ғашықтық іздеп тантыма Ғашықтық іздеп тантыма
Ғашықтық іздеп тантыма Аз күн әуре несі іс? Өзіңнің қара артыңа, Өткен өмір бейне түс.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.
Ұяламын дегені көңіл үшін Ұяламын дегені көңіл үшін
Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін.
Құлақтан кіріп, бойды алар Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
Кейде есер көңіл құрғырың Кейде есер көңіл құрғырың
Кейде есер көңіл құрғырың, Махаббат іздеп талпынар. Ішем деп бейнет сусынын, Асау жүрек алқынар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×