ойын сауық отауы
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
17.05.2016 13 200 1 Дауыл

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан ала-ауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол – арсыздық белгісі
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма ол кісі?
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады.
Бұл нең десе, біреуге
Жоқ нәрсені шатады.
Құтылам деп ісінен,
Бәрін көріп кісіден,
Шығынға әбден батады.
Бұл болмаса онысы,
Аударылып қонысы,
Алыстан дәм татады,
Қызмет қылып мал таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады.
Ел қыдырып ас ішіп,
Еркек арын сатады.
Бала-шаға, ұрғашы
Үйде жаурап қатады.
Еңбегі жоқ еркесіп,
Бір шолақпен серкесіп,
Пысық деген ант шықты.
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты.
Пысық кім деп сұрасаң –
Қалаға шапса демалмай,
Өтірік арыз көп берсе,
Көргендерден ұялмай.
Сыбырдан басқа сыры жоқ,
Шаруаға қыры жоқ,
Өтірік, өсек, мақтанға
Ағып тұрса бейне су.
Ат-шапаннан кем көрмес,
Біреу атын қойса «қу»,
Қу нәпсісін тыя алмай,
Атым шығып жүрсін деп,
Берекеге қас болса,
Желіктірген айтаққа,
Арақ ішпей мас болса,
Ел тыныш болса азады,
Ерігіп өле жазады.
Үйде отырса салбырап,
Түзге шықса албырап,
Кісіні көрсе қылжаңдап,
Қалжыңшылсып ыржаңдап.
Өз үйінде қипаңдап,
Кісі үйінде күй таңдап,
Ақылы бар кісіні
Айбаттайды даттайды.
Ауқаты бап туғанды
Қайырсыз ит деп жаттайды.
Мал мен бақтың дұшпаны,
Кеселді пысық көбейді,
Күшік иттей үріп жүр,
Кісіден кеммін демейді.
Қу тілменен құтырып,
Кетер бір күн отырып,
Қызмет қылған кісісін
Құтыртуға таяйды.
Қылып жүрген өнері:
Харекеті – әрекет.
Өзі оңбаған антұрған
Кімге ойлайды берекет?
Кімді ұялып аяйды?
Расы жоқ сөзінің,
Ырысы жоқ өзінің,
Өңкей жалған мақтанмен
Шынның бетін бояйды.
Бұл сөзімде жалған жоқ,
Айтылмай сөзімде қалған жоқ,
Абайлаңыз, байқаңыз –
Елдің жайы солай-ды.

Менің "жалғандарым" Менің "жалғандарым"
Мына қу жалған өмірде, Түр - түрі шықты - ау жалғанның. Жылтыры көзді жаулап ап, Шыр - пыры шықты талғамның.
Орнымыз медресе оқып жатқан Орнымыз медресе оқып жатқан
Орнымыз медресе оқып жатқан, Талайлар оқу оқып өнер тапқан. «Аз - көп» деп, бергеніңді молда сөз ғып, Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.
Ұяламын дегені көңіл үшін Ұяламын дегені көңіл үшін
Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін.
Ғылым таппай мақтанба, Ғылым таппай мақтанба,
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрседен асық бол.
Байлар жүр жиған малын қорғалатып Байлар жүр жиған малын қорғалатып
Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін, онын беріп алар сатып. Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?
Абай Құнанбаевтың өлеңдері №2 Абай Құнанбаевтың өлеңдері №2
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ. Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ. Теке
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Мұнар
#1 Мұнар Қонақ 18 қараша 2018 14:12
Мен осыны жатаймын
×