ойын сауық отауы
Екеуіңе
11.08.2016 4 399 0 Дауыл

Екеуіңе

Өлеңдер
Оразақын Асқар
Екеуіңе
Қиын да емес, оңай да емес үй болу,
Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену,
Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның,
Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру.

Болады онда ішкі де сыртқы – саясат,
Аяйық жарды біреуді егер аясақ.
Жақсы үйде болмақ әскери қатаң құпия,
Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жая сап.

Қашанда жарға керегі жылы назарың,
Жалғызсыратпа, тартқызба күту азабын.
Мен сүйтіп едім, сен неге бүйтпей жүрсің – деп
Сауданың үйге орнатпау керек базарын.

Асығыстықтан, ашудан абзал безінген,
Дос болу керек қашанда сабыр төзіммен.
Жар деген өзің, өзім деп тапқан жалғыздың,
Кешірімді бол, келіспей жүрме өзіңнен.

Киелі зат жоқ – жарыңның махаббатынан,
Екеуіңді де аялауға оны шақырам.
Көсегелерің көгерсін! - берген ақ батам,
Беремін барлық үлкен үйлердің атынан

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Шилісу негізгі мектебінің
4 – сынып оқушысы Қасымбек Арайлым
Сынып жетекшісі Билибаева Қарлығаш Урамбаенва

Бас бата. Оразақын Асқар Бас бата. Оразақын Асқар
Елбасымыз алысты көрсін, Ел - жұртымыз табысты болсын. Қыздарымыз сұлу, Ұлдарымыз намысты болсын!
Рәміздерім Рәміздерім
Сен неткен маңызды едің?! Сенсің асыл қазынам нағыз керім. Төбемде ту, төсімде елтаңбам бар, Елұрандай аузымнан ән үзбедім.
Жол әсері Жол әсері
Даланы байтақ қарашы, Жолына темір төсеген Жайқалған жас тал жағасы, Жүргендей болдық көшемен.
Жаңбырдан кейін Жаңбырдан кейін
Төгіліп қоңыр шашағы, Бұлт белден асады. Кемпірқосақ көз тартып, Құшағын жерге ашады.
Қоштасу жыры Қоштасу жыры
Достарым! Біз кетсек те достық кетпес, Ол мәңгі ортамызда болар ізгі. Сипатын сұлу сөзбен айтып жетпес, Келешек кезіктірер тағы бізді.
Есімде Есімде
Шыққанда сені іздеп, Кеудемде соққан леп. Артылмас айтсам да Толқынды теңіз деп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×