ойын сауық отауы
Әм жабықтым, әм жалықтым
08.04.2016 1 918 0 Дауыл

Әм жабықтым, әм жалықтым

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

(М. Ю. Лермонтовтан)

Әм жабықтым, әм жалықтым,
Сүйеу болар қай жігіт,
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм сүйіндім, әм түңілдім,
Үнемі неткен үміт,
Өткен соң бар жақсы жылым?
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Ғашықтық іздеп тантыма Ғашықтық іздеп тантыма
Ғашықтық іздеп тантыма Аз күн әуре несі іс? Өзіңнің қара артыңа, Өткен өмір бейне түс.
Күнді уақыт итеріп Күнді уақыт итеріп
Күнді уақыт итеріп Көк жиектен асырса, Көлеңке басын көтеріп, Алысты көзден жасырса
Жартас Жартас
Қонады бір күн жас бұлт Жартастың төсін құшақтап. Жөнелді ертең, қалды ұмыт, Көк жүзіне ойнақтап.
Дұға Дұға
Өмірде ойға түсіп кем - кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің. Сонда сенің отыңды басатұғын, Осы өлең — оқитұғын дұғам менің.
Ал, сенейін, сенейін Ал, сенейін, сенейін
Ал, сенейін, сенейін, Айтқаныңа көнейін. Шалма ораған сопының Ішін арам демейін.
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×