ойын сауық отауы
Дұға
07.04.2016 2 414 0 Дауыл

Дұға

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Дұға
(М. Ю. Лермонтовтан)

Өмірде ойға түсіп кем - кетігің,
Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең — оқитұғын дұғам менің.

Ішінде бір қуаты барға ұқсайды,
Тірі сөздің жаны — сол, айрылмайды.
Қасиетті нәфәсі¹ желдей есіп,
Қайнап тұрған ыстық қан салқындайды.

Жаныңның ауыр жүгі жеңілгендей,
Көңілден кернеген кек кемігендей —
Болады жылауға да, сенуге де,
Жүректің басынан у төгілгендей.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Әм жабықтым, әм жалықтым Әм жабықтым, әм жалықтым
Әм жабықтым, әм жалықтым, Сүйеу болар қай жігіт, Көңілден кеткен соң тыным? Әм сүйіндім, әм түңілдім,
Қасиетті дұға Қасиетті дұға
Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ, Ешнәрсеге көңілім болмаса тоқ, Қайта - қайта оқысам бір дұғаны, Сөніп қалған жүректе жанады шоқ.
Көңілдің күйі тағы да Көңілдің күйі тағы да
Көңілдің күйі тағы да Өмірсіз жанның алды ішін. Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.
Қуаты оттай бұрқырап Қуаты оттай бұрқырап
Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырқырап, Көк бұлттан үзілген.
Алла деген сөз жеңіл Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×