ойын сауық отауы
Жалау
07.04.2016 4 147 0 Дауыл

Жалау

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Жалау
(М. Ю. Лермонтовтан)
Жалғыз жалау жалтылдап
Тұманды теңіз өрінде.
Жат жерде жүр не тындап?
Несі бар туған жерінде?

Ойнақтап толқын, жел гулеп,
Майысар діңгек сықырлап.
Ол жүрген жоқ бақ іздеп,
Қашпайды бақтан бойды ұрлап.

Астында дария — көк майдан,
Үстінде сәуле — алтын күн.
Қарашы, ол бүлік құдайдан
Сұрайды дауыл күні - түн.
Абай Құнанбайұлының барлық өлеңдерін қарау

Тұңғиық түпсіз астында Тұңғиық түпсіз астында
Тұңғиық түпсіз астында Су сабалап, суды тіліп, Көк теңізде келе жатты бір кеме. Бір мезгілде түсі суық Бір қара бұлт көкке ойнақтап, Шыға келіп,
Ғашықтық іздеп тантыма Ғашықтық іздеп тантыма
Ғашықтық іздеп тантыма Аз күн әуре несі іс? Өзіңнің қара артыңа, Өткен өмір бейне түс.
Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға
Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.
Жартас Жартас
Қонады бір күн жас бұлт Жартастың төсін құшақтап. Жөнелді ертең, қалды ұмыт, Көк жүзіне ойнақтап.
Шәріпке Шәріпке
Түлкібайдың қатыны атың Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.
Қызыл жалау Қызыл жалау
- Жалынды жалау кімдікі? - Тұрағы тарғыл тас қия, Арбаңдаған Азия - Жалындай жалау соныкі,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×