ойын сауық отауы
Қызыл жалау
03.05.2016 1 885 0 Дауыл

Қызыл жалау

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

- Жалынды жалау кімдікі?
- Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия -
Жалындай жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Қызыл шоқ жалау кімдікі?
- Кім де кім: «Тәңірім - от,- десе,-
Басқа Тәңірім жоқ»,- десе,
Қызыл шоқ жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Қызыл шоқ жалау кімдікі?
- Кім де кім шикі қан жұтса,
Қан аңсап жүріп шаң жұтса -
Қызыл қан жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Қанды жас жалау кімдікі?
- Кімнің ұлы құл болса,
Тұлымдысы тұл болса -
Қанды жас жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Өртенген жалау кімдікі?
- Кім өртенген гүлдемей,
Кім таланған, кім кедей -
Өртенген жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Азаттық жалау кімдікі?
- Көре алмаса кім теңдік,
Тепкі көрсе кім кемдік -
Азаттық жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!

Заман кімдікі - Сәбит Дөнентаев Заман кімдікі - Сәбит Дөнентаев
Бұл заман байқағанға күштінікі, Азулы, тырнақты мен тістінікі, Дүниенің патшалығы, батырлығы — Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Айдаһар Айдаһар
АЙДАҺАР. Қазақ ертегілік - мифтік дәстүріндегі зұлым құбыжық, демон. Оның "аждаһа" түріндегі синонимі де бар. Айдаһар атауы өзімізге кеңінен танымал
Өсіп келе жатырмын - Төлеген Айбергенов Өсіп келе жатырмын - Төлеген Айбергенов
Кеудесінде таулардың, Кемесінде арманның, Жалау етіп өрлікті, Ескек етіп ерлікті, Есіп келе жатырмын!
Оралу Оралу
Нақ төрінен мәңгі итжығыс түсіп жатқан майданның, Жігеріңмен көктеп өтіп, Ұлт мүддесін шекпен етіп, Төбең бір сәт көкке жетіп Өз өлкеңе ескерткіш боп
Жалау Жалау
Жалғыз жалау жалтылдап Тұманды теңіз өрінде. Жат жерде жүр не тындап? Несі бар туған жерінде?
Тойдағы ата - ананың тілегі Тойдағы ата - ананың тілегі
Қос бұлақ еді, бір өзенде қосылды, Сол шаттықтан көңіліміз тасынды. Бүгін, міне, біздің перзенттерге де Жаңа өмірдің бақ есігі ашылды. Жастық шақтан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×