ойын сауық отауы
Онегин сөзі
08.04.2016 3 132 0 Дауыл

Онегин сөзі

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Онегин сөзі
(А. С. Пушкиннен)
Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін:
Кірі жоқ, кіршігі жоқ мағыналарын.
Жасырмай, жастықпенен, нанғыштықпен
Айтыпты шыншыл тілің бар іңкәрін.

Жасырмай жас жүректің жанған жайын,
Айтуға тілің мұнша қайдан дайын?
Жанып, сөніп, суынып қалған көңілім
Қобалжиды хатыңды көрген сайын.

Қалмаған Онегиннің ешбір бағы,
Өтіп кеткен жүректің отты шағы.
Мінсіз тілмен сөзіңді жазыпсың - ақ,
Ұнатпаған жерім бар сүйтсе - дағы.

Болса да сән - салтанат, қызық, әсем,
Тез жалығып айнимын, тұрлауым кем.
Сақтасар, ардақтасар кісі болсам,
Жалғанда сенен басқа жанды алмас ем.

Бүгін сүйсем, сені алсам – ертең жалқып,
Суып қайтар көңілім желше шалқып.
Қуартып, қайғыменен суалтамын,
Біреудің қызыл гүлін тұрған балқып.

Құдайдың толып жатыр күні бүгін,
Жігіттің тани алмай кемшілігін.
Бір алып, қадірлемей, тастап кеткен
Тартып жүр қиянатшыл ер күйігін.

Түксиген өзі суық, сөзі суық,
Келерлік бір жері жоқ жанға жуық.
Өзі антұрған, қазымыр, қатыны – сорлы,
Екі өмірдің лайлап суын тұнық.

Сол баянсыз еркектің біреуі – мен,
Жамандығым жақсымнан екі еседен.
Жүрек кірсіз, тіл мінсіз, мінезің – гүл,
Не боласың осындай ерменен сен?

Жаңғырмас өткен өмір, біткен мінез,
Лайықсыз кісіге болыпсыз кез.
Сені жақсы көрейін бірге туған
Ағаңдай, онан басқа жоқ менде сөз.

Жас қыз бен жас бәйтерек – бәрі бірдей,
Жапырағы тұра ма жылда өзгермей?
Менен гөрі сөзіңді жақсы ұғушы,
Кетер деме ер жігіт бір кез келмей.

Бұл сөзде ақыл да бар, ғибрат та бар,
Өзіңе екіншіде пайда болар.
Ақылменен ойласаң тоқтау қылып,
Сүйкімді менен артық жан табылар.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Тіл туралы мақал-мәтелдер Тіл туралы мақал-мәтелдер
Ашуың келсе – қолың тарт, Айтпас жерде – тілің тарт.
Ана тілің – арың бұл Ана тілің – арың бұл
Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің.
Мәңгүрттенбеу марсельезасы Мәңгүрттенбеу марсельезасы
Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған, Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған. Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде, Ана
Онегиннің өлердегі сөзі Онегиннің өлердегі сөзі
Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп.
Онегиннің Татьянаға жауабы Онегиннің Татьянаға жауабы
Таңғажайып бұл қалай хат, Мағынасы – алыс, өзі жас? Сөзі орамды, әр түрі жат, Және әдепті, және рас.
Жігіт сөзі Жігіт сөзі
Айттым сәлем, қалам қас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×