ойын сауық отауы
Онегиннің сипаты
08.04.2016 2 519 0 Дауыл

Онегиннің сипаты

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Онегиннің сипаты
(А. С. Пушкиннен)

Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.

Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.

Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,
"Дем алысым, құмарым – бір сен" десе.
Жанын құрбан жолына қылған жансып,
Көз қарауы құбылар әлденеше,
Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп - тік,
Қамыққансыр, қайғырып, орны келсе.

Жай, жаңа кісі болып түк білмеген,
Қалжыңын білдіртпейді қалай деген.
Жаның шошыр өрлігі жаннан бөлек,
Кісіге балдан тәтті орны келген.

Биттей бойы босаса, сезер сонда,
Жастық жеңіп, көңілді шайқағанда.
Ғашыққұмар, ақыл мен бойыңды алып,
Жылы жауап есітер не қылсаң да.

Емінер, "әй" дегізер, дайын қылар,
Жүрегің қалай соқса, пайым қылар.
Жылы ізін суытпас, дамыл көрмес,
Бір оңаша жолығар жер айтқызар.

Ел аулақта оңаша қолына алып,
Көңіліндегі сабағын айтып тынар.

Жасынан көрсе оны ақылы сасқан
Не сұрқия жандарың жұрттан асқан.
Жеңуге, қор қылуға тағы да ұста,
Өзіне күндес шықса, жол таласқан.
Ажуаға, қорлауға тілі орамды,
Не түрлі тұзақ құрып көңілін басқан.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Өмір Өмір
Өмір деген кейде шаттық, кейде мұң, Сан сұрақтар мазалайды кейде мың Тек сынақтан тұратындай көрінеді, Қатал болып кетеді де кейде тым
Өмір маған... Өмір маған...
Өмір маған кейде тау сияқты, Шыңына шыққым келеді.
Орман Орман
Орман Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу.
Дей алмаймын "жиынның жұлдызымын" Дей алмаймын "жиынның жұлдызымын"
Дей алмаймын "жиынның жұлдызымын", Қуып жүрген бір жанмын жыр қызығын. Сезім нәзік, ой жүйрік, кейде кекшіл, кейде жарқын қазақтың бір қызымын.
Ем таба алмай Ем таба алмай
Ем таба алмай, От жалындай, Толды қайғы кеудеге. Сырласа алмай, Сөз аша алмай Пендеге.
Ауру жүрек ақырын соғады жай Ауру жүрек ақырын соғады жай
Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай. Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×