ойын сауық отауы
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы
08.04.2016 1 754 0 Дауыл

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

(М. Ю. Лермонтовтан)
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын, қуыс - өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.
Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Аптық жерін, ақылға кеш енгенін.
Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,
Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін.
Жамандық жақсылыққа қарар салқын,
Долығы тез басылып, қайтар қарқын.
Ұлыққа қошеметшіл, құл сықылды,
Қатерге аяқ баспас, көрмей артын.
Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше,
Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше.
Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,
Қызығы - үзілгені бос жүргенше.
Пайдасыз ғылымменен ми кептірер,
Дос - жарға мақтан етіп, бұлдап көрер:
Жақсы сөз, жақын үміт, тәттілікті
Кемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер.
Қуаты қызық қызмет тойларының
Қос қыртысын кетірмес ойларының.
Лап бергіш, к... айналғыш, қайта ойланғыш
Тыянақ оты сөнген бойларының.
Келісімді тәтті ой, әр шеберлік
Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік.
Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай,
Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік?
Жек көрер, жақсы көрер - кезі білер,
Ашуы, махаббаты босқа сөнер.
Жанында суықтық бар бір жасырын,
Қаны отты жас күнінде шықпас өнер..
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Құмдағы лашық Құмдағы лашық
Құмдағы атам заманғы Саздан соққан бір лашық Тозған, іші қараңғы, Қабырғасын құм басып.
Қасиетті дұға Қасиетті дұға
Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ, Ешнәрсеге көңілім болмаса тоқ, Қайта - қайта оқысам бір дұғаны, Сөніп қалған жүректе жанады шоқ.
Ой Ой
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы, Салқын, қуыс — өмірі я қараңғы. Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ, Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.
Құр айғай бақырған Құр айғай бақырған
Құр айғай бақырған Құлаққа ән бе екен? Өнерсіз шатылған Кісіге сән бе екен?
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма? Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, Желігін жерге тықпас кісің бар ма?!
Ескі әнді, шеше, қозғама! Ескі әнді, шеше, қозғама!
Босқанда - ел - жұрт боздаған! Ескі әнді, шеше, қозғама! Елестеп маған өтеді: Кұлазып жатқан боз дала,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×