ойын сауық отауы
Ескі әнді, шеше, қозғама!
07.05.2016 2 114 0 Дауыл

Ескі әнді, шеше, қозғама!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Босқанда - ел - жұрт боздаған!
Ескі әнді, шеше, қозғама!
Елестеп маған өтеді:
Кұлазып жатқан боз дала,
Ескі әнді, шеше, қозғама?!
Қызда да, қыршын ұлда да,
Ұлыған неткен мұң - нала?!
Күңіренген неткен қу дала?!
Ескі әнді, шеше, қозғама?!
Өлмесін десең біржола,
Ескінің орнын тырнама!
(Жамандық көрмей өстім мен)
Күңіренбе, шеше, ескі үнмен?!
Күңірентпе мына даланы,
Азалы керуен, көш жүрген.
Күңіренсең, шеше, ескі үнмен,
Жетіқат жердің астынан
Бабамнын, даусы естілген.
Күңіренбе, шеше, ескі үнмен!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Кіндік кесу дәстүрі Кіндік кесу дәстүрі
Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік шеше болуды қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарханынан дәм
Ғашықтық жайын қозғама Ғашықтық жайын қозғама
Ғашықтық жайын қозғама, Қозғауды мақұл көрмес ем, Ол жайлы саған боз бала, Білгенмен ақыл бермес ем!
Құлақтан кіріп, бойды алар Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
Шеше, сен бақыттысың Шеше, сен бақыттысың
Шеше, Сен бақыттысың! Жыламағын. Жай түсіп жатқанда да құламадың. Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Ескі жұртта Ескі жұртта
Айтсаңшы, көке - ау, қай маңда, Орны менің үйімнің? Қанып ең талай айранға, Қолынан әжем Тиынның.
Алматының аспаны Алматының аспаны
Тал түсте, Бозғыл деңгейде, Шуағын жерге төккен Күн. Жылымық қыста кей - кейде, Иісі келер көктемнің.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×