ойын сауық отауы
Жанерке
09.04.2016 3 088 0 Дауыл

Жанерке

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Жанерке
І
Сонау - сонау Алматыдан алып - ұшып хат келді,
Хат келді де Бапа апайға бір қуаныш aп келді.
Секілденген жанарының ағы менен қарасы,
"Демалысқа барып қайтам", — деп жазыпты баласы.
Шүкір - шүкір, жалғыз ұлы қазір елге мақтаныш,
Ержетті де, арман қуып туған жерден кетті алыс.
Алыс кетсе, несі өкініш, көңіл көгі аршылар,
Көңіл көгі аршылар да намыс атын қамшылар.
Кәне, кімнің аузы бармақ жас жігіттің от кеуде
Туған жерге деген гүлзар махаббаты жоқ деуге.
Күннен - күнге дарынының ашылғандай бұлағы
Өлеңдері газеттерден күле қарап тұрады.
Ана соған мәз болғандай жанарына жас алып,
Жайлауына жаз қонғандай қалады бір жасарып.
Қызғалдақтай сымбатына көрген адам қызығар,
Қызылқұмнан көшіп келген көрші үйдің жас қызы бар.
Ер жігітке оңайлықпен ұстатпайтын мұраттай,
Сыңғыр - сыңғыр шат күлкісі таудан аққан бұлақтай,
Саттар жырын сақтайтұғын қиып ап ол газеттен,
Сонан кейін анаға кеп жатқа айтатын кезекпен.
Шіркін, ана, қондырғандай арманының таң құсын,
Жыр оқыған жәудір көзге жаудыратын алғысын.
"Қандай жайсаң әсем тұлға, қандай нәзік гүл көңіл,
Маған - дағы нақ осындай керек еді бір келін".
Деп өзінше игілікті ойға шомып ана бір
Қарсы отырған бойжеткенге қадайтұғын жанарын.
Ал бойжеткен сыр бермейтін мұндай қиын шақта да,
Үндемейтін, төмен қарап күлімдейтін тек қана.

II
Үш күн өтті
Саттар туған ошағына келгелі,
Үш күн бойы ескі досы кітап болды ермегі.
Сәл кідірсе, жастық шағы балақ түріп қашардай,
Терең тарих айдыныңа үңіледі бас алмай.
Ана байғұс көзбен бағып ұлының қас - қабағын,
Бәйек боп жүр: -
Жүзің солғын, жүдеусің ғой, қарағым
- Жай ғой, апа, мазаланба! - деп бір ауық тосылды,
Бойын ауыр сырқат меңдеп жүргендігін жасырды.
Кенет есік ашылды да, үйге бір жас қыз кірді,
Асау тайдай әлі ешкімге ұстатпаған тізгінді.
- Кел, Жанерке,
Кел, жарығым,
Қане, төрлет,
Тоқтама,
Өзіңді ойлап отыр едім... - деп қалбақтап жатты ана. -
Бұрын ылғи жырын мақтап шулатушы ең құлағын,
Енді өзімен танысып қой, ағаң - мынау, шырағым!
Танысты олар.
Сол таныстық сыйластыққа ұласты.
Апта өтпей - ақ қос кеудеден қимас сезім гүл ашты.
Атқан таң мен батқан күннің бәрі есінде тұра ма?
Бірақ бұл күн ұмытылмас, ұмытылмас, сірә да.
Саттар қызға жыр оқыды от ұшқындап көзінен,
Ертең сапар.
Анасын да ала кетпек өзімен.
Қоштасарда Жанерке де жанарына жас алды,
Бойын бірақ нық ұстады өрлігімен қашанғы.
Сосын жақын туысындай бауыр тартып
Саттарды,
Көңіліне ұя салған бір мақсатын ақтарды:
- Мектепті де бітірер кез таяу қалды, жан аға,
Жазға таман оқу іздеп барсам деймін қалаға.
- Тіпті ғажап! - деді
Саттар жанғандай бір арманы
Күтіп алам, келеріңде хабар берсең болғаны.
Қыз қуана бас изеді, албырады гүл өңі,
Бір белгісіз сағыныштан тулағандай жүрегі.

III
Атқан таң мен батқан күннің бәрі есінде тұра ма,
Жаздың ерке сол бір кеші ұмытылмас, сірә да.
Асығады пойыз алға, ойнап ерке желменен,
Сол пойызда қыз келеді бақытына шөлдеген.
Қиялына атар таңнан таң - тамаша күй еніп.
Кең далаға көз тастайды терезеге сүйеніп.
Сан ғасырдың жауынымен, дауылымен алысқан
Қожа Ахмет ескерткіші қол бұлғайды алыстан.
Қалып жатыр қыр - адырлар ұлан - ғайыр аумағы,
Қазығұрттың қарт тауы мен Түлкібастың баулары
Әне, анау Алматының Алатауы ақ қарлы,
Қыз тағы да күлімсіреп есіне алды Саттарды.
Бұл сезімнің мүмкін емес алдамшы әсер болмағы,
Бәлкім, қазір мені күтіп тұрған шығар ол дағы.
Вокзал басы.
Жадырайды асқақ қала алмалы,
Бірақ мұнан Жанеркені ешкім күтіп алмады.
Көңілсіздік көлеңкесі жүзін бүркеп шырайлы
Өмірінде тұңғыш рет нақ осылай мұңайды.
Енді бір сәт алысқандай қыз өзінің ойымен
Жоғары өрлеп жүре берді кең көшенің бойымен.
Тұрып қалды, салғырт жүріп барды - дағы шамалы,
Қарсы алдынан қалың жиын келе жатты қаралы.
Қалың жиын келе жатты жүректері жаралы,
Оркестрдің зарлы даусы мұңға бөлеп қаланы.
Ал Жанерке назар салмай тұра берді бұған да,
Тұра берді, басы айналып адасқандай тұманда.
Неге, неге кешікті екен,
Саттар қайда жаны асыл?
Жырларымен тербететін қазақтың кең даласын.
Саттар қайда, шынымен - ақ, қыз көңілін ұқпай ма,
Қайда сол бір мейірімді жан, күліп алдан шықпай ма?
Амал қанша, сүйіктісі алыс жолдан келгенде,
Туған елі оны әкетіп бара жатты жерлеуге...

IV
Қой, Жанерке,
Ұзақ таңға өкси берме,
Тыным ал.
Сенің тілсіз қасіретіңді дәл өзіндей кім ұғар?

Күйеуіне ақылды әйелінің айтқаны Күйеуіне ақылды әйелінің айтқаны
«Бұл жылы ота жасаттым, өтімді алдырдым. Айығып кеткенше ұзақ айлар төсекке таңылдым. Жасым алпысқа да келді.
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба? Тұманбай Молдағалиев Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба? Тұманбай
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба, Қатығыңды түндегі шайқадың ба. Құлшынасың толқындар алып қашып, Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.
Мамыр Мамыр
Адам үшін жұбаныш Мамыр келді шуақты. Күннің ішін қуаныш Кернеп тұрған сияқты.
Табыңдар Табыңдар
Асан - Үсен екеуі Тату – тәтті дос еді Көңілдері қош еді, Екі қолы бос еді.
Шаттану Шаттану
Сай - саладан шаттық пен күлкі ағылып, сыңғыр қағып бұлақтар, қырқа жібіп, "Қыстың сызы қалмаған жазғытұрым" келді міне бізге де гүл тағынып.
Құдаша Құдаша
Бас имей бұрқасынға Өтті де жылдар ағып. Туған жер қырқасында Қап қойды бұл балалық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×