ойын сауық отауы
Қазақтың бас бұлшық еті
10.04.2016 2 140 0 Дауыл

Қазақтың бас бұлшық еті

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Қазақтың бас бұлшық еті
(Қажымұқан қабірі басындағы ой)

Тұлпар далаң, іңкәр далаң айтып жатыр алғысын,
Қабіріне бас игендей тәкаппар тау, қарлы шың.
Күллі қазақ әйелдері толғатса да қанша рет,
Туа алмастан келеді әлі саған ұқсас нар мүсін.
Ұлтымыздың қара күші, дара күші, армысың,
Біз аспаған биіктерден сенің даңқың қарғысын.
Беске толған шағым еді.
Қасқасудың төсінде
Беу, Қажеке, әкемді іздеп келген кезің есімде.
Шетте жүріп мекенінің амандығын сұраған,
Кезеңі еді әкемнің ол көңіл шыңы құлаған.
"Туған жерден мені іздейтін бар екен деп бір адам",
Құзар тауға сүйенгендей сені құшып жылаған.
Сен әкеме жігер беріп, мейіріміңнен от өріп,
"Мына ұлың палуан болсын!" дедің мені көтеріп.
Жә, палуандық қайда маған, нәзік, жұқа кескінмен,
Жел үрлесе құлайтындай қауқарсыз боп өстім мен.
Бұл не тағдыр, сусыз көлдің қоғасындай мәні кем,
Тән қуатын күйттегеннің жығылдым мен бәрінен.
Намысыма қамшы басып, бірақ қарап қалмадым,
Өзің жеңген жарты әлемді мен де біраз шарладым.
Ой қуатын жарқыраттым талай көңіл көгінде,
Бәлкім, мені рухымен палуан болсын дедің бе?
Бір шынары атансам мен сен даңқ қосқан Отанның,
Мүмкін түскен нұры шығар сонда берген батаңның.
Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан,
Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған.
Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой біртабан,
Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан...
Бүгін мені қайта көтер, жарты ғасыр өткен соң,
Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған.
Сол бір салтын тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,
Елімнің бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан...

Қазақ дастарқаны Қазақ дастарқаны
Сендерменен бір бастым шыңға қадам, Сендер барда келген жоқ мұң да маған. Далаң анау талдырған құс қанатын, Бабаң анау кеңдігін бұлдамаған.
Құдаша Құдаша
Бас имей бұрқасынға Өтті де жылдар ағып. Туған жер қырқасында Қап қойды бұл балалық.
Алғашқы махаббатқа хат Алғашқы махаббатқа хат
Бір үмітке бір үміт жалғадым, Көп - ақ екен бергенімнен алғаным. Заңғар көкке самғағаным не керек, Саған ұшып бармаған соң, арманым.
Айбергенов шыңы Айбергенов шыңы
Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр, Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр, Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл. Міне содан,
Түсінісу теоремасы Түсінісу теоремасы
Келіп жатыр, кетіп жатыр дарындар... Қара бұлттай қайғы жапты бөлмені. Адамзаттың алғыр, ұлы қыраны Лев Толстой жатыр еді өлгелі.
Шың басындағы оқиға Шың басындағы оқиға
Бір - бірінен көз айырмай үздігіп Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт. Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған, Қанатыңа алғаныңа шаттанам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×