ойын сауық отауы
Рух мектебіндегі мұң
10.04.2016 1 874 0 Дауыл

Рух мектебіндегі мұң

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Рух мектебіндегі мұң
(Төлен Әбдікке)

Асқақ ұстап жастық туын,
Алпыс таудан астық бүгін.
Алла білер, алдымызда енді қанша қалды тау,
Барлық батыл ойларыңның алды — күрес, арты - дау.
Кейде албырт Батырлықта Тасырлықтан кетпекке
Оймен, мұңмен көз тастайды Рух атты мектепке.
Ол мектептің түсі жадау, терезесі қираған,
Ішіне даңқ сыйғанымен, даңқы байлық жимаған.
Содан оған жұрттың көбі құлықты емес баруға,
Шу менен Бу дес бермейді мектеп парқын тануға.
Сол мектептің ұстазы едік, нәпсіге бас имеген,
Аңқау, сенгіш адамдығын қайсарлығы сүйреген.
Күллі рухсыз биіктердің парқы, даңқы сұйықтау,
Біз шыққан тау — Шындық тауы, барлық таудан биік тау!

Теріс тірлік Теріс тірлік
Тауысып барлық амалды, Күрсініп ғалым дем алды. Мақалдың кебі сотталды, Эпостың көбі қамалды.
Қымыз бен піспек Қымыз бен піспек
Шабыт отын жаққандардың бірі сенсің маздатып. Ара - тұра намысыңның желмаясын боздатып, Ойларыңды ұлы Әуезов ойларына қоздатып, Тірлігіңе және содан
Уақытша жеңістер Уақытша жеңістер
Ғасыр буаз болмаса да әділдікке желіндеп, Қай кезде де Жеңіс даңқы екі топқа бөлінбек: «МӘҢГІ ЖЕҢІС» және «БАРЛЫҚ УАҚЫТША ЖЕҢІСТЕР». Күш жоқ осы
Алғыс айтып өтем саған Алғыс айтып өтем саған
О бастан - ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің. Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз
ТЖ - лар ТЖ - лар
Жағымпаздық бұл заманда басты өнер, Шындық оған бола алмай жүр тас кемер. Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес, Арын сатқан жағымпазды ескерер.
Желтоқсан Желтоқсан
Деді ме екен қайраттанар жыл келді, Таңдандырып аға ұрпақты, үлкенді. Ар - намыстың алаңында жастықтың Сонда рухы жұдырық боп сілтенді. Жас қайрат
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×