ойын сауық отауы
Желтоқсан
18.12.2015 2 711 0 Admin

Желтоқсан

Өлеңдер
Желтоқсан

Деді ме екен қайраттанар жыл келді,
Таңдандырып аға ұрпақты, үлкенді.
Ар - намыстың алаңында жастықтың
Сонда рухы жұдырық боп сілтенді.

Жас қайрат еді қиялдаған арманды,
Енді сол күш баба - арман боп жалғанды.
Тағы мінез көрді тарих сөнбеген,
Сол мінезге күллі ғалам таңғалды.

Батушы еді жанға аяздай бір жоғы,
Шындық сұрап көтерілді ұл қолы.
Серіппе еді жылдар бойы жиырылған,
Қатты серіпті, аянбады бұл жолы.

Жас мінезге қарсы алдында күш тұрды,
Сонда да ұстап тұра алды ерлік - ұстынды.
Көрді тарих ару қыздың көзінен
Тағы сөнбес намыс дейтін ұшқынды.

Мықты бір қол сосын серпіп жас жанды,
Аямады, түлей құйын басталды.
Ал сонан соң алаңында жүректің
Рух болып қасиетті жас қалды.

Жуылмады, жуылғанмен кетпеді,
Қайта оянған ерлік болып көктеді.
Содан кейін мәңгілікке тіріліп
Азаттықтың болып келді көктемі.

Қарады да еркіндік боп таң күле,
Өлмес ерлік айналды өшпес белгіге.
Жастық жігер жанарында ұрпақтың
Тұрып қалды ұя салып мәңгіге.

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Көл жағасында Көл жағасында
Ай қарады көгілдір көл бетіне, Қыз қарады көлдегі келбетіне. Қосылды да, қос сәуле құшақтасты, Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Бақыттың тойы басталды Бақыттың тойы басталды
Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн, Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың. Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып, Көтерілді туы бақыттың. Отауға
Ғасырлар тоғысындағы Аналар Ғасырлар тоғысындағы Аналар
Уа, Ана! Сендер өз ұлттарыңның мақтанышына айнала алған ұл - қыздарды дүниеге әкелдіңдер. Оларды бесік әлдиімен өсірдіңдер. Түн ұйқыларыңды солар
Желтоқсан Желтоқсан
Батушы еді жанға аяздай бір жоғы, Шындық сұрап көтерілді ұл қолы. Серіппе еді жылдар бойы жиырылған, Қатты серіпті, аянбады бұл жолы.
Бөбекке тілек Бөбекке тілек
Сеніменен атаң - әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді. Әдемі ән еді, бәрі бірге
Онда күз еді, тағы да енді күз келді Онда күз еді, тағы да енді күз келді
Онда күз еді, тағы да енді күз келді, Хазар жақтан ақша бұлттар жүзді енді. Сол бұлттардан сарбаздың ұқ сәлемін, Қауыштырар күн де жақын бізді енді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×